Орыс балетінің 200-жылдығына арналған “Мәңгілік бірге” атты көрме ашылады

2018 жылдың 1 қараша күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 16.00-де баспасөз туры, және 17.00-де орыс балетінің 200-жылдығына арналған «Мәңгілік бірге» Екінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің ашылуы өтеді.
Орыс балетінің 200-жылдығына арналған “Мәңгілік бірге” атты көрме ашылады

Осы жылы Ресей мен Қазақстанның жетекші қуыршақ-шеберлерінің экспозициясы ауқымды әрі қызықты бола түсті, ол 50 аса қазақстандық және 20 ресейлік шеберлердің 200-ге жуық туындыларын ұсынады.

Қуыршақшылардың тұратын аймағы едәуір кеңейген: атап айтқанда – Алматы және Алматы облысы, Көкшетау, Семей, Зырянь, Риддер, Өскемен, Павлодар, Астана, Новосибриск, Нижний Новгород, Удмуртия.

Қазақстанның қуыршақ әлемі Н. Сафронова, М. Волкова сынды және т.б. өнердегі жолын енді ғана бастағандар мен 2017 жылғы көрмеде шығармашылығымен көрерменге таныс болған тәжірибелі шеберлердің жұмыстарын алдарыңызға жайып салады. Бұлар – Т. Фисенко, К. Курочкина,  И. Самойлова, А. Елисеева, М. Құрманова, Г. Клеаповская, Н. Антонова, Г. Омарова және И. Итахунова.

Биылғы жылғы көрменің символы – шебер Ирина Итахунованың «Жизель» атты жұмысы. «Жизель» қуыршағының прототипі – орыс балеринасы Анна Павлова. Одан басқа, осы автордың төрт перизаты көрме аясында өткізілген «Папа Карло» авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесінің сыйлық қоры есебінде таңдалып алынды.

Ресей тарапын «Мәңгілік бірге» көрмесінің тұрақты қатысушылары – Нижегород Қуыршақшылар артелінің шеберлері таныстырады. Бұлар – Е. Филатова, А. Фадеева,  Л.Чернышева, О. Сидорова және Н. Орлова. Фарфордан жасалған бірегей қуыршақтар, сондай-ақ Ресейдің әйгілі шебері А. Абрамованың жұмыстары бірінші рет қойылуда. Алена Абрамованың қуыршақтары өзінің табиғилығымен және  орындалу техникасымен таңдай қақтырады. Биыл удмуртиялық Е. Кузнецова мен А. Дьячкованың, новосибирскілік шеберлер Н. Шубина мен Ю. Ненюкованың жұмыстары да көрме экспозициясынан өз орындарын алады.

Екінші Халықаралық «Мәңгілік бірге» авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесі орыс балетінің 200 жылдығына арналғандықтан, шеберлердің жұмыстарының арасында көрнекті балет артистерінің, тарихи қаһармандар мен ертегі кейіпкерлерінің портреттері, балет қойылымдарынан сахналық көріністер аз емес. Ұсынылған жұмыстар түрлі техникада орындалған: қақталған және өзі қататын пластик, құрғақтай басу техникасы, тоқыма қуыршақ, шұлық мүсіні техникасы, аралас техника. Қуыршақшының шеберлігінде  түрлі материалдар мен техниканың үйлестіре білуі жоғары бағаланады. Мұндай тәсілдер керемет нәтиже беріп, бірегей дүниені туындатқан. Жұмыс күрделенген сайын, оны көру де қызықтырақ  бола түседі.

Көрмеге қойылған әрбір жұмыс қолдан және бір-бір данадан жасалған. Сонымен бірге олардың әрқайсысы өзінше бір дара дүние. О. Феденева мен И. Самойлованың комсомолдың 100 жылдығына арналған «Комсомолдан айырылмаймын! Мәңгіге жас боламын!» атты жұмыстарының көрмедегі алар орны ерекше. Қуыршақтар топтамасының авторлары кеңестік кезеңдегі жастардың атқарған үлкен істері жайында көркем баяндайды. Бұл экспозицияның таныстырылымы 4 қарашаға дейін өтеді.

Көрме экспозициясында Қазақстанда бірінші рет Халықаралық «Ковалик» зергерлік үйінің жұмыстарымен де танысуға болады. Асыл және жартылай асыл тастарды пайдаланып, шағын пластикада жасалған авторлық туындылар – көркемдік деңгейі жоғары зергерлік өнер туындылары.

Көрме аясында, сонымен қатар, Қазақстан шеберлерінің арасында ең үздік қуыршақшы атағына конкурс ұйымдастырылады. Тоғыз адамнан тұратын қазылар алқасы шығарманың көркемдігін құрайтын орындау техникасының тазалығын, формасының әдемілігін, үздік костюм мен көрме тақырыбына лайықтылығына баға береді. Көрмеге келушілер көрермендер көзайымы сыйлығын алушыларды таңдап, үздік шеберді анықтауда өздерінің үлестерін қоса алады.

Екінші Халықаралық «Мәңгілік бірге» авторлық интерьерлік қуыршақ көрмесі күндері Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі ұйымдастырған бірқатар тартымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Олардың арасында қойылымдар, концерттер, жаңа кітаптар мен электрондық басылымдардың таныстырылымдары да бар. Қазақстан және Ресей қуыршақшыларының балалар мен ересектерге арналған  шеберлік сағаттары мен шеберлік думандарының кеңейтілген бағдарламасы қарастырылған.

Өткізу мерзімі: 1 - 11 қараша, 2018

Орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

22 қазан (дүйсенбі)

15:00 – Алматыдағы РФ Бас консулдығында баспасөз конференциясы. Тіркеу : +7 777 383 5414

1 қараша (бейсенбі)

16:00 - Баспасөз-туры және көрме бойынша шолу дәрісі

17.00 - Ресей Федерациясы Консулының қатысуымен көрменің салтанатты ашылуы, концерттік бағдарлама,стильге келтірілген орыс костюмдері коллекциясының көрсетілімі

3 қарашаенбі)

14.00 - В. Насальскидің А.С. Пушкиннің ертегілері желісімен «Пушкинkind» қойылымының тұсаукесері

16:00 – Сән агенттігінің жанындағы театр студиясының «Щелкунчик» қойылымының тұсаукесері. Көркемдік жетекшісі  – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марина Ганцева

17:00 - Алиса Шайхтың «История Великой  Степи» кітабының тұсаукесері

4 қараша (жексенбі)

14.00 -  И. Иминовтің шығармашылық кеші. «В сердце Азии» атты жаңа кітаптың тұсаукесері

15.30 -  О. Феденёва мен  И. Самойлованың «Комсомолмен айырылыспаймын ! Мәңгілік жас боламын!» қуыршақтар коллекциясының тұсаукесері

16.00 -  Алматылық атақты «Па Кампасам» рок-тобының концерті

6 қараша (сейсенбі)

11.00-ден 13.00-ге дейін – Қуыршақ шеберлерінің тегін шеберлік сабақтары. Бағдарламада: мақталы ойыншық, квилинг техникасы, бойтұмар-қуыршақ, тампо-баспамен сурет салу, қабықтан тоқу, майда моншақтан тоқу және көптеген басқалары.

7 қараша (сәрсенбі)

11.00-ден 13.00-ге дейін – Қуыршақ шеберлерінің тегін шеберлік сабақтары. Бағдарламада: мақталы ойыншық, квилинг техникасы, бойтұмар-қуыршақ, тампо-баспамен сурет салу, қабықтан тоқу, майда моншақтан тоқу және көптеген басқалары.

8 қараша (бейсенбі)

18.30 – Евгения Смольянинаның концерті (кіру шақыру билетпен)