Б.Шөкенов атындағы I Республикалық ағаштан жасалған үрмелі аспаптар байқауы өтеді

26 қыркүйек сағ. 19:00 Консерваторияның Үлкен залында (Абылай хан даңғ, 90) Б.Шөкенов атындағы I Республикалық ағаштан жасалған үрмелі аспаптар байқауының ашылу салтанатына байланысты ауқымды концерт өткізіледі.
Б.Шөкенов атындағы I Республикалық ағаштан жасалған үрмелі аспаптар байқауы өтеді

Концертте түрлі бағыттағы –  этно-джаздан бастап классикаға дейінгі ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетеді. Олардың қатарында - Satzhan Project және Steppe Sons топтары, фортепианолық квартет, қазақ және үрмелі аспаптар ансамбльдері, Серик Нурмолдаев, Жанар Хидуанова және т.б. Кеш бағдарламасында:

  • А. Эшпай – «Мерекелік увертюра»
  • А. Цемлинский – «Юмореска»
  • Steppe Sons тобы – «Қорқыт»
  • Куат Шильдебаев – «Отан ана»
  • Д. Эрмитаж - «Гершвин тақырыбына Фантазия»
  • Түркеш – «Көңiл ашар» (Д. Бержапраков өңдеуі бойынша)
  • Satzhan Project тобы – «Көктем»
  • Серик Нурмолдаев – «Қыз сыны»
  • А. Абдинуров – «Молдыбайдың әні»

Бағдарламаның ең жарқын нөмірі «Отан ана» болары сөзсіз. Батырхан Шөкеновтың алғашқы жеке альбомына арнап, Қуат Шілдебаев жазған шығарма орган, қобыз және ұрмалы аспап ансамбльдерінің сүйемелдеуімен орындалатын болады.

Байқау 26-30 қараша аралығында бес номинация бойынша өткізіледі: флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон, Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Батырхан Шөкенов атындағы  Қор ұйымдастыруда.

Музыканттарды іріктеу онлайн режимінде өтті - бірінші турға қатысу үшін орындаушылар аспапта ойнаған  бейне жазбаларын жіберді. Барлығы 43 адам қатысты: 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар, сондай-ақ кіші және жоғары  дәрежелі музыкалық оқу орындарының студенттері. Қатысушылар қатарынан ансамбль құрамында (квартет/квинтет) және жеке өнер көрсетуге тиіс келесі кезеңге 28 адам өтті. II кезеңнің басты міндеттерінің бірі Қазақстандық композиторлардың шығармасын орындау.

Қазылар құрамына: Франциядан (Николас Краузе), Германиядан (Кристиан Элин), Россиядан (Николай Попов), Қазақстаннан (Танатар Нуралы, Аким Мухатжанов және Жанат Ерманов) кіреді. Мамандар тек үміткерлерді бағалап қана қоймай,сонымен қатар өздері де сахна төріне шығатын болады.  Мысалы, Николас Краузе байқаудың ақтық мәресінде және 30 қараша күні жабылу салтанатына байланысты гала-концертте «Қазақстан Камератасы» оркестрінің дирижері ретінде өнер көрсетеді.

Ағаштан жасалған бірінші республикалық конкурстың жеңімпаздарының есімдері 30 қарашада жарияланады. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі жүлделер, сондай-ақ Дипломанттардың дипломдары мен атақтары табысталып, «Үздік сүйемелдеуші» анықталатын болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 250 000 құрайды.

Концертке, Құрманғазы атындағы ҚҰК концерт бөлімінен алуға болатын тегін билеттер арқылы қатыса аласыздар.

Анықтама үшін байланыс телефоны + 7 701 272 9869

БАҚ кіру –  алдын - ала аккредитациялау бойынша тегін.

Байланыс телефоны +7 (708) 536 35 95

Батырхан Шөкенов қоры туралы /http://batyr.foundation/
«Батырхан Шөкенов атындағы Қор» қоғамдық қоры 2015 жылы құрылған, 2018 жылы музыканттың отбасы қорды басқаруды өз қолына алды. Қамқоршылық кеңесті Бауыржан Шөкенов басқарды, қордың директоры - Наргиз Шөкенова.

Қор мәдениет пен өнер туралы жобалардың ұсыныстарына ашық немесе Алматы қаласының зияткерлік ортасын жақсартуға бағытталған. Әншінің мұрагерлерінің өкілі ретінде Қор Батырхан Шөкенов туралы ресми ақпараттың жалғыз көзі болып табылады.

Болат Өтемұратов қоры туралы  /www.utemuratovfund.org/
Болат Өтемұратов қоры 2014 жылдың басында құрылған. Қордың миссиясы - Қазақстанға денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласының дамуына үлес қосып, қазір  және болашақта адамдар үшін өмір сүрудің ең жақсы орны болуға көмектесу. Қорды құру идеясы оның негізін қалаушы Болат Өтемұратовқа тиесілі, ол «аутизм, әлем бәріне бірдей» бағдарламасы үшін 12,5 миллион доллар бөлді.

Болат Өтемұратов — дипломат, бизнесмен, меценат. Қазақстандық Forbes тізімінің жоғары қатарында.«Верный капитал» компаниясының негізгі салымшысы, Форте және Касса Нова банктерінің иесі. Кәсіби қызығушылық саласы : қаржы, телеком және медиа,қонақ үй кәсібі,жылжымайтын мүлік,табиғи қорлар, транспорт және логистика, құрылыс заттарын, тұрмыстық заттар және қызметтержасап шығаруды қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортты қолдауға,мәдени құндылықтарды сақтауға және денсаулықты жақсартуға бағытталған.  2007  жылдан бастап, Қазақстан теннис Федерациясының Президенті. Үлкен теннисті қарқынды дамытуға күш салуда, өз қалтасынан 65 миллион доллардан аса қаражатты елдегі  ұлттық құрамалардың, балалар теннисінің және барлық үлкен қалалардағы теннистік инфраструктураның жандануына салған болатын.