Ержанов фильмі жеңімпаздары алдын-ала белгіленіп қойылған көше төбелесі бойынша турнирге қатысуды шешкен Атбай атты (Данияр Алшинов) көше бандитының хикаясын баяндайды. Бірақ Атбай бұл жарыста жеңіске жетуді өзіне мақсат қояды, себебі ол үшін бұл жеңіс-жаңа өмірді бастау, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелі Аиданы (Динара Бақтыбаева) қайтару мүмкіндігі.. Рингтегі Атбайдыңбасты қарсыласы, атақты боксшы Рафаэльдің рөлін актер Санжар Мәди сомдады. Ал Асель Сәдуақасова Рафаэльдің ықпалды продюсері Алияның бейнесін іске асырды.
Фильмнің халықаралық ілгерілету бойынша продюсері – Ольга Хлащева, атқарушы продюсері – Серик Абишев, екеуі де ұзақ уақыт бойы Ержановпен жұмыс істеп келе жатыр. Сценарийді жасау үшін Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова жұмыс істеді. Фильмнің операторы бұрын Ержановпен "Үкілі Камшат" фильмінде қызмет еткен Еркінбек Птыралиев. Қоюшы суретші, режиссердің барлықфильмдерінде жұмыс істеген, тағы бір тұрақты серіктесі - Ермек Өтегенов. Фильмге музыканы композитор Сергей Шегай жасады.
Маған бұл фильмде жұмыс істеген өте ұнады және мен оның осы кинофестивальде көрсетілгеніне өте қуаныштымын. Фестиваль аясында үш көрсетілім болды – 17-18 қазан және тағы 19-қазанда қосымша. Барлық көрсетілімдер жақсы өтті, көрермендер сезімтал және мұқият болды. Маған Атбайдың оңай емес өмірі туралы хикаяның өз жолын осылай бастағаны ұнайды және мен фильмнің біздің көрерменге жетуін асыға күтудемін, - деп режиссер өз әсерімен бөлісті.
Варшава кинофестивалі 1985 жылы құрылған және Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдармен қатар "А" класындағы фестивальдар қатарына жатады. Фестиваль өз аудиториясына әлемдік кинематографиядағы ең жаңа және қызықты трендтерді ашуды мақсат етіп қояды.