Ресейде өткен "Жыл әні" сыйлығында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов "Жыл әншісі" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Марапатты Ресейдің халық артисі, әнші және композитор Валерий Леонтьев табыстады. Марапаттау сәтінде Леонтиев Димаштың ғажап дауысына ғашық екенін айтты. Сонымен қатар, талантымен әлемді тезірек бағындыруын тіледі.
Димаш Құдайбергенов өз жеңісін барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне арнағанын жеткізді.
Айта кетейік, осы сыйлығына дейін Димаш "Виктория" сыйлығында "Классикалық музыкада жыл әншісі" және "Жыл жаңалығы" атты екі аталымдар бойынша жеңіске жеткен еді.