Белгілі композитор, әнші, сатира саңлағы Қадырғали Көбентай әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын "Сені сүю..." атты ән кешіне шақыратынын жазды.
"Армысыздар, ардақты да асыл, таза өнерді бағалай білетін жаны жайсаң жақсы жандар! М е й р а м д а р ы ң ы з б е н! "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек.." дегендей, алдымыздағы мерекеде, яғни, 16 желтоқсан күні, сағат 17.00-де, Жазушылар Одағының залында өтетін "Сені сүю..." кеші де өзгеше, дені жаңа дүниелер болмақ!
Сіздер Тыныштықбек көкемнен бастап, Ұлықбек көкемнің, Әбділда Аймақ ағамның, Маралтай досымның, Гүлнәр Салықбаева, Алия Даулетбаева, Айдана Сегізбаева, Айдана Ахмет, Индира Кереева, Мақпал Мыса, Мергул Асылханова, Перизат Жаңғлышбаева, Асылай Ниязбаева, Есей Жеңісұлы, Almat Isadilov, Жанар Айлашова, т.б.. ақындардың өлеңдеріне жазылған жаңа әндерге, іріктелген поэзияға сусындап, қанып қайтасыздар!
Мәнді де мағыналы, айтары бар салиқалы кеште кездесейік!
Ұлы мәртебелі, саф өнерді бағалай білетін көрерменге құрметпен: