Сәкен Ғұмаровтың "Құс жолы" көрмесі

2020 жылдың 6 наурыз күні Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі қазақстандық суретші Сәкен Ғұмаровтың (1937-1995) шығармашылығына арналған "Құс жолы" жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Сәкен Ғұмаровтың "Құс жолы" көрмесі

Мәтін – Амир Джадайбаев

Көрме кураторы – Карина Крылова


Танымал қазақстандық суретші Сәкен Ғұмаровтың (1937 - 1995) шығармашылығы ХХ ғасырдың аяғындағы ұлттық бейнелеу өнеріндегі бірегей құбылысты көрсетеді. Көрерменнің назарына ұсынылып отырған көрме суретшінің 1950-1990 жылдар аралығында жазған жеке коллекциясындағы 30 жуық туындыдан тұрады. С.Ғұмаровтың әрбір шығармасы – қиял мен шындықтың таңғажайып қосындысы, автордың қоршаған әлем туралы ойларының жинақталған көрінісі. Оның шығармаларының стилистикалық және мағыналық негізі суретшінің өзі ойлап тапқан «ақыл-ой формалары», ерекше байланыстар мен мағыналардың кең қатарынан тұратын таңқаларлық белгі-бейнелер, адам тәріздес және зооморфтық тіршілік иелері – тотемдер болып табылады. Замандастары үшін С.Ғұмаров «рухани жасы физикалық есептеуге сәйкес келмейтін жұмбақ суретші» болды. Ол өзін «өз ойын еркін білдіретін, еркін тақырыптағы, өз шығармашылығын толықтай азат етуге ұмтылған суретші» деп атады. Шебер өнердің ең басты мақсаты «шексіз жеміс пен шексіз кемеліне үңілуде» деп білді.

Отыз жылдан астам уақыт ішінде суретші «Бестиарий», «Ақыл-ой формалары», «Ана мен бала», «Күту», «Бастар мен денелер», «Шығармалар» сияқты туындылардың үлкен топтамасын жасады. С.Ғұмаров өзінің күллі шығармашылығын «әлемді жалған материализмнен құтқаруға», оны «ғарыштық мистикалық энергиямен» толтыруға», адамдарға, біздің күнделікті өмірімізге қарама-қайшы келетін басқа шындықтың байлығын көрсетуге арнады.

Сәкен Ғұмаров 1937 жылы Оралда (Солтүстік-батыс Қазақстан) дүниеге келген. Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтын, Ленинград театр, музыка және кинематография институтын бітірген. Режиссер және актер болып қызмет еткен. КСРО Журналистер одағының мүшесі. С.Ғұмаровтың туындылары Қазақстанның, алыс-жақын шетелдердің жеке және мемлекеттік коллекцияларында сақтаулы. 1995 жылы Оралда С.Ғұмаровтың мемориалдық музейі ашылды.