«Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ашылуы

«Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ашылуы

2021 жылғы 30 қараша (сейсенбі) сағат 11.30-да Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында IX халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ұйымдастырушыларының және фестивальдің халықаралық қазылар алқасының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12:30-да дәл сол жерде студенттік және дебюттік қысқаметражды ойын және анимациялық фильмдер байқауының қазылар алқасының, сондай-ақ халықаралық студенттік қазылар алқасының қатысуымен екінші баспасөз конференциясы өтеді.

Биыл халықаралық қазылар алқасын белгілі ресейлік актер, режиссер, сценарист, продюсер, Канн және Шанхай фестивальдерінің қатысушысы, Ника және ТЭФИ сыйлықтарының иегері – Юрий Быков («Майор», «Дурак», «Завод» және т.б.) басқарады.

Сондай-ақ, халықаралық қазылар алқасының құрамына итальяндық режиссер және продюсер, Трентодағы (Италия) «Религия в наши дни» кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Андреа Морген, қазақстандық режиссер, сценарист және продюсер Рүстем Әбдірашев, "Босфор" Стамбул кинофестивалінің көркемдік жетекшісі Эмра Кылич және қазақстандық актриса, продюсер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Венера Нигматуллина кіреді.

Олардан басқа, бірінші баспасөз конференциясына журналист, киносыншы, МТКФ іріктеу комиссиясының мүшесі, «2morrow», «Край света. Восток» (Сахалин) және «Послание к человеку» (Санкт-Петебург) кинофестивальдерінің бағдарламалық директоры – Алексей Медведев бастаған толықметражды және қысқаметражды деректі фильмдердің қазылар алқасы қатысады. Бұл қазылар алқасының құрамында «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин, Eastwood Agency негізін қалаушылардың бірі, ММКФ, DocPoint, Camerimage, San Sebastian Film Festival секілді ірі халықаралық кинофестивальдердің қатысушысы - Ханна Мироненко, қазақстандық журналист, PR – маман, продюсер, 48 Hour Film Race («48 сағатта түсіру») Орталық Азия қысқаметражды фильмдер байқауының басшысы - Андрей Мануйлов және халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, әдебиеттанушы, публицист және журналист - Бигелді Ғабдуллин бар.

Студенттік және дебюттік қысқа метражды көркем және анимациялық фильмдер байқауының қазылар алқасын сценарист, режиссер, BAFTA Student Film Award жүлдесінің иегері және Berlinale Talents қатысушысы Татьяна Федоровская (Ресей) басқарады. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық анимациялық фильмдердің режиссері, продюсер, сценарист, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Бас продюсері - Адай Әбелдинов, тәжік продюсері, кинорежиссер, сценарист, Душанбедегі балалар киносының эксперименттік мектебінің жетекшісі – Искандар Усмонов, ресейлік театр және кино актері, режиссер, сценарист – Илья Глинников және Қырғызстаннан келген кинематографист, Азия – Тынық мұхиты аймағы киноакадемиясының (APSA) мүшесі - Дастан Жапар Уулу бар.

Халықаралық студенттік қазылар алқасының төрайымы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Гаухар Ақжолова. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында қырғыз режиссері, оператор - монтажер, «Манас» ҚТУ студенті - Хантенир Омкеев және  С.А.Герасимов атындағы ВГИК студенті, кинотанушы, редактор, сценарист, продюсер Алена Янушко (Ресей).

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Алматыда IX халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді. Жыл сайын өтетін кино мерекесін Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Тұран Университетінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Tanaris Production» және ATeam кинокомпаниялары ұйымдастырады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Еуропа мен Азияның жас кинематографистері арасында ынтымақтастық орнату, олардың жұмыстарын қолдау және ілгерілету, түрлі жанрдағы кинофильмдерді жасауға деген қызығушылықты арттыру.

«Бастау» кинофестивалі жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын іске асыру үшін бірегей алаң болып табылады. «Бастаудың» конкурстық бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады: толықметражды фильмдер байқауы – Bastau DEBUTS, қысқаметражды фильмдер байқауы – Bastau SHORTS және деректі фильмдер байқауы – Bastau DOCS.

Бүкіл көрсетілімдерге кіру тегін. Ашылу салтанаты 30 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Фестивальдің негізгі алаңы – Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі.

«Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің кестесін –  https://bastauiff.com/  сайтынан көре аласыздар.

Бірінші баспасөз конференциясының спикерлері:

Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының мүшелері – Рүстем Әбдірашев, Эмра Кылич және Венера Нигматуллина, Алексей Медведев, Ерлан Бекхожин, Ханна Мироненко, Андрей Мануйлов және Бигелді Ғабдуллин.

Күні мен уақыты: 30 қараша 2021 ж., 11.30

Орны: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалы.

Екінші баспасөз конференциясының спикерлері:

Студенттік және дебюттік қысқа метражды көркем және анимациялық фильмдер байқауының қазылар алқасының мүшелері - Татьяна Федоровская, Адай Абельдинов, Искандар Усмонов, Илья Глинников және Дастан Жапар Уулу, сондай - ақ Халықаралық студенттік қазылар алқасының мүшелері - Гаухар Ақжолова, Хантенир Омкеев және Алена Янушко.

Күні мен уақыты: 30 қараша 2021 ж., 12.30

Орны: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалы.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыстар:

Кәрім Қадырбаев– 8 708 672 02 30

Жанкелді Өмірәлиев– 8 707 347 83 59