Qara Film Festival тәуелсіз деректі фильмдер фестивалі өтеді

Qara Film Festival тәуелсіз деректі фильмдер фестивалі жаңа бағдарламамен қайта оралды. Фестиваль 5-9 шілде аралығында Алматыдағы АРТиШОК театр кеңістігінде өтеді.
Qara Film Festival тәуелсіз деректі фильмдер фестивалі өтеді

Qara Film Festival тәуелсіз деректі фильмдер фестивалі жаңа бағдарламамен қайта оралды. Фестиваль 5-9 шілде аралығында Алматыдағы АРТиШОК театр кеңістігінде өтеді.

Биыл фестивальдің халықаралық бағдарламасына Швеция, Нидерланды, Армения, Украина, Польша, Франция, Қырғызстан, Венгрия, Үндістан, Тәжікстан, Дания, Германия мен Финляндиядан 11 деректі картина енді.

Олардың қатарында суретшінің 13 жылдық өмір жолы, таулы аудандарды аралап, ежелгі салт-дәстүр түрлерін іздеу, украин жасөспірімдердің Гималайға экспедициясы, бір әуежай хикаясы, холокост кезіндегі махаббат туралы фильмдер мен көрерменге ой салар басқа да деректі туындылар бар.

Фестивальде көрсетілетін әр фильм өзіндік ерекшелігімен есте қалады. Аталған туындылардың бәрі қауіпсіз мекен бола алатын, өз ортаң, болмысың мен ата-баба мұрасын табатын үйімізді іздеу тақырыбын қозғайды.

(!) Барлық фильм түпнұсқа тілінде қазақ және орыс тілді субтитрлермен көрсетіледі.

Негізгі бағдарламадан бөлек, фестиваль тарихында алғаш рет “Біз” деп аталатын қысқаметражды фильмдер байқауын өткізгелі жатырмыз.  Байқауға  8 қазақстандық деректі фильм қатысады. Одан бөлек, QazDoc Қазақстандағы деректі кино қауымдастығымен бірге ұйымдастырылған киноиндустриясының басқа оқиғалары өтеді.

Фестиваль The Movies That Matter Foundation қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Билеттер Ticketon сайтында: https://ticketon.kz/qara-film-festival


Qara Film Festival – тәуелсіз деректі фильмдер фестивалі. Көрерменді көруге, сезінуге, саралауға, шындықты іздеуге, жаңа дүниелермен танысуға шақыратын кинофестиваль.

Жобаның негізі 2020 жылы пандемия кезінде қаланып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын 2200 көрермен 8 үздік деректі картинаны онлайн тамашалады. 2021 жылы онлайн көрсетілімнен бөлек, фильмдер Алматыдағы “Арман” кинотеатрында да көрсетілді. Сонымен қатар Орталық Азиядан шыққан авторларға арналған AÝT CentralAsia питчинг жобасы ұйымдастырылды. 2022 жылы  Festival Dostary жобасы аясында елдің әр өңірінде тұратын азаматтар онлайн-тренингтен өтіп, өз қаласында QaraFest фильмдерінің көрсетілімін өткізді.

Осы жазда халықаралық QaraFest фестиваліне қатысушы фильмдер көрерменін ойдан шығарылмаған, шынайы хикаяларды тамашалап, ой қорытып, ескі таптаурындарды қайта саралап, құнды ой түюге шақырады.

Көрсетілім кестесі мен маңызды хабарландыруларды жіберіп алмас үшін, әлеуметтік желідегі парақшаға жазылыңыз: instagram.com/qarafest.


Халықаралық бағдарламаға енген фильмдер :

1. Қашу (Flee) (фестивальдің ашылуы)

Режиссері: Йонас Поэр Расмуссен
Елі: Дания, Франция Норвегия, Швеция, Нидерланды, Великобритания, АҚШ, Финляндия, Италия, Испания, Эстония, Словения
Тілі: дат, ағылшын, дари, орыс, швед
Жылы: 2021
89'

«Қашу» босқындардың басынан өтетін үйін жоғалту, өзін іздеу сияқты қиындықтарды көрсетеді.

Бірінші көрсетілім: 05.07 19:30 (Dudeontheguitar)

Екінші көрсетілім: 07.07 22:10

2. Bon Voyage (Bon Voyage)

Режиссері: Гарегин Папоян
Елі: Армения
Тілі: армян
Жылы: 2021
69'

Бұл өзін-өзі жариялаған, әлем елдері мойындамаған Арцах Республикисы (Таулы Қарабақ) Степанакерт қаласындағы жалғыз әуежай туралы фильм.

Бірінші көрсетілім: 07.07 11:30

Екінші көрсетілім: 09.07 11:30

3. Отпен жазу (Writing with Fire)

Режиссёрі: Ринту Томас пен Сушмит Гош
Елі: Үндістан
Тілі: хинди

Жылы: 2021
92'

Көрерменге шабыт сыйлайтын фильмде Үндістандағы әйелдер басқаратын жалғыз газеттің хикаясы баяндалады.

Көрсетілім: 06.07 16:30

4. Біз сөнбейміз (We Will Not Fade Away)

Режиссері: Алиса Коваленко
Елі: Украина, Польша, Франция
Тілі: ағылшын,
украин, орыс
Жылы: 2022
100'

Деректі картины қараңғылықта өсіп жатса да, айналадан сұлулық көру қабілетін жоғалтпаған жастардың портретін бейнелейді.

Бірінші көрсетілім: 06.07 20:00

Екінші көрсетілім: 07.07 18:45

5. Жоғалған шақтың ырғағы (Rhythms of Lost Time)

Режиссері: Аниса Сабири
Елі: Тәжікстан
Тілі: тәжік, ағылшын
Жылы: 2021
45'

Дәстүрлі мәдениетті сақтап қалуға үлес қосқан тамаша деректі фильм.

Бірінші көрсетілім: 06.07 15:15

Екінші көрсетілім: 08.07 14:00

6. Шабу (Shabu)

Режиссері: Шамира Рафаэла
Елі: Нидерланды
Тілі: голланд
Жылы: 2021
75'

14 жасар  бәрімен жақсы тіл табысатын, тамаша жасөспірім Шабу туралы фильм.

Бірінші көрсетілім: 06.07 13:45

Екінші көрсетілім: 07.07 13:00

7. Уахан тұтқыны (The Prisoner of Wakhan)

Режиссері:  Жаңыл Жүсіпжан
Елі: Қырғызстан, Франция
Тілі: дари, қырғыз
Жылы: 2023
110'

Жылдар бойы осы өңірді мекендеген тұрғындар таудағы үйлерін тастап, жаңа өмір бастауға бекінеді.

Бірінші көрсетілім: 08.07 19:30

Екінші көрсетілім: 09.07 16:15

8. Дивалар (Divas)

Режиссері:  Мате Кёрёши
Елі: Венгрия
Тілі: венгер
Жылы: 2021
80'

Сани, Тина мен Эмесе — Будапештте тұратын, жиырмаға жаңа толған, ашық әрі жарқын қыздар. Режиссер қыздардың образына сүйсініп, алғашқы деректі фильмін соларға арнайды.

Бірінші көрсетілім: 06.07 12:00

Екінші көрсетілім: 09.07 12:45

9. Жаңқадан салған үй (A House Made of Splinters)

Режиссері: : Саймон Леренг Вильмонт
Елі: Украина, Дания, Швеция, Германия, Финляндия
Тілі: орыс, украин
Жылы: 2022
87'

«Оскар» сыйлығына үміткер болған жүректі қозғайтын қайғылы картина соғыс басталмай тұрып, Украинаның шығысындағы балалар үйінде түсірілген.

Бірінші көрсетілім: 06.07 18:15

Екінші көрсетілім: 09.07 18:30

10. Нелли мен Надин (Nelly & Nadine)

Режиссері:  Магнус Герттен
Елі: Швеция, Бельгия, Норвегия
Тілі: француз, ағылшын, швед, испан
Жылы: 2022
92'

Мұрағаттағы күнделік, хаттар мен суреттер «холокосттан» тірі қалған екі адамның махаббатынан сыр шертеді.

Бірінші көрсетілім: 07.07 20:30

Екінші көрсетілім: 09.07 14:30

11. Аполлония, Аполлония (Apolonia, Apolonia)

Режиссері: Леа Глоб
Елі: Дания, Польша, Франция
Тілі: поляк, француз, дат
Жылы: 2022
116'

«Аполлония, Аполлония» - өнер әлемінен өз орнын іздеп жүрген жас суретшінің портреті.

Бірінші көрсетілім: 07.07 16:30

Екінші көрсетілім: 08.07 21:45

Қысқаметрлі фильмдер байқауына өткен қазақстандық авторлардың туындылары.

1. Елеусіз қалғандар.
Режиссёрі: Виктория Шегай

Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Екібастұз қаласының тұрғындарының өмір естеліктері.

Көрсетілім: 07.07 14:30

2. Андер
Режиссёрі: Алина Мұстафина

Бұл оқиға 5 жасар ұл баланың әлемі мен сезімі туралы.

Көрсетілім: 08.07 12:00

3. Дина

Режиссёрі: Ядыкар Ибраимов, Джек Уолф

Дина Нұрдыбай - қытайдың «қайта тәрбиелеу» концлагерінде тұтқында болып келген қазақ қызы. Фильм Динаның қандай жағдайларды бастан кешкенін баяндайды.

Көрсетілім: 07.07 14:30

4. Қызғылт шағалалар

Режиссёрі: Ратмир Назиров

«Қызғылт шағалалар» - шөл даланың ортасында, тұз сіңген, қаңырап қалған қалада тұратын Арал теңізінің бес тұрғыны туралы бейнебаян.

Көрсетілім: 07.07 14:30

5. Alaqan

Режиссёрі: Аида Әділбек

«Алақан» әйел тұрмысын баяндап, оны қасиетті рәсім деңгейіне көтереді. Автор күннен күнге үй жинау, тамақ пісіру, бақша егу арқылы әлемді емдеп жүрген анасы мен әжесін бейнелейді.

Көрсетілім: 08.07 12:00

6. Зағип уқалаушының қарапайым күні

Режиссёрі: Ырысбек Әділбекұлы

Бір қарағанда, Ринат Низаметдинов карапайым адам. Ринатты өзгелерден ерекшелейтін жалғыз нәрсе - көзі көрмейді. Дегенмен, кейіпкеріміз мойымай, қайтпас қайсарлығы мен өмірге деген құштарлығымен айналасына үлгі болып жүреді.

Көрсетілім: 07.07 14:30

7. Рауаж: тірі қалған суретші

Режиссёрі: Дінмұхаммед Құлмырза

Рауаж жарлы үйдің баласы. Бірақ оған молшылықтың қажеті жоқ, себебі Руаждың бар байлығы өз бойында.

Көрсетілім: 08.07 12:00

8. The Dears

Режиссёрі: Меруерт Жақиянова

80 жасар американық Ари Хәнкок Димаш Құдайбергеннің күміс даусын бірінші рет естігелі бері жалғыздығын артта қалдырды. Калифорниялық супержанкүйерлермен бірге әлемнің жартысын шарлауға дайындалып, өзін өмірге қайта әкелген Димашқа шабыт сыйлауды армандайды.

Көрсетілім: 08.07 12:00