"Қысқы универсиада - Жүргенов студенттерінің көзімен" атты фотокөрме

2017 жылы ақпан айында Алматыда өткен 28-қысқы универсиаданың өту барысынан Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА "Кино және ТВ" факультеті студенттерінің фотоесебі.
"Қысқы универсиада - Жүргенов студенттерінің көзімен" атты фотокөрме
Фотокөрмеге дайындық барысы

Ақпан айының 22-жұлдызы, сағат 11:00 де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Кино және ТВ операторы" мамандығының І және ІІ курс стденттерінің "Қысқы универсиада - Жүргенов студенттерінің көзімен" атты фотокөрмесінің ашылуы өтеді. Көрме барысында оператор мамандығы студенттерінің қырағылығын, техниканы меңгеру дәрежесін, кадрды ұстай білу жылдамдығын, сонымен қатар, жылдамдық үстінде композициялық құрылымды сақтай білу мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік туады. Қысқы универсиаданы практикалық алаңға айналдырған студенттердің жетекшісі оператор, доцент Ренат Қосай.

"Қызығушылықтан және батылдықтан нәр алған, шабыттанған жастар әлемдік оқиғаның бір бөлігі болуға және еліміздің тарихында мәңгі қалуға бел буды" деген ұранды алға қойып, өз еңбектерін сын мен пікір алаңына ұсынатын жас операторлардың көрмесі бірнеше күн жалғасады.

Фотокөрме ашылуы: 22 ақпан, сағат 11:00, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА академиясының фойесі.