Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, танымал джаз фестивальдарының қатысушылары Олег Ткаченко (саксофон) мен Виктор Хоменков (рояль) әлемге танымал джаз композицияларын орындайды: «Караван», «Тунистегі түн», «Ипанемнен келген қыз» (Бразилия), «Дезафинадо» және т.б.
Олег Ткаченко К. Байсейітова атындағы музыка мектебін К.И Добровольскидің жетекшілігімен саксафон классында оқыған, сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясын бітірген. Алматыдағы «Khomenkov Band» атты джаз ұжымының және эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисті.
Бірнеше джаз фестивальдарына қатысқан, соның ішінде Атырау (2009), "Еуразия" (Пенза, 2010), Клайпеде (Литва, 2015) және т.б. Танымал скрипкашы Марат Бисенғалиев Олег Ткаченконы 2015 жылы өзінің симфониялық оркестрінің құрамына Астана мен Алматыда өткен "Тілеп" концерттік бағдарламасын орындауға шақырған. 2017 жылдың мамыр айында Астанада Олег бес "Грэмми" (АҚШ) жүлдесінің иегері, труба аспабының шебері Ренди Брекермен бірлесіп концерттік бағдарламаларын орындаған болатын.
Виктор Хоменков – белгілі джаз композиторы және аранжировщик, Қастеев музейінде болып тұратын джаздық музыкалық вернисаждарының жиі қатысушысы. Ол Чайковский (Мәскеу) атындағы музыкалық училищені және Алматы педагогикалық университетінің музыка факультетін бітірген. Ресей, АҚШ, Грузия және басқа да елдеріндегі көптеген республикалық және халықаралық фестивальдардың қатысушысы және лауреаты.
Кештің жүргізушілері - Клара Исабаева, Қастеев музейіндегі баспасөз қызметінің жетекшісі және Виктор Хоменков, «Khomenkov Band» тобының көркемдік жетекшісі.
Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562, 8-747-181-5126.
Билет бағасы – 2500 теңге. Оған: 1) музейді аралау 17.00 ден 19.00; 2) кофе-брейк – с 18.30; 3) концерт «Шілделік джаз» - 19.00.