XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында өткен «EURASIA SPOTLIGHT» питчингінің жеңімпаздары анықталды. Биылғы жылы аталмыш іс-шара Астана қаласында «Eurasia Film Market» халықаралық кинонарығымен бірлесіп өткізілді.
«Eurasia Spotlight» питчингіне өтініш білдірген 30-дан астам жобалар қатарынан 8 жоба таңдалып, халықаралық сарапшылар назарына ұсынылды. Олар: Аушакимова Асельдің «Жалғыз», Азизова Мухлисаның «Сарышаян», Ермекбаев Олжастың «Ана», Коротько Ольганың «Бұрынғы адамдар», Марат Назымның «Жад ауыртпалығы», Найзабеков Аянның «Ессіздік», Төлегенов Дарханның «Туған күн», Оразбаева Шарипаның «Сілеусін» жобалары.
Нәтижесінде:
- 1 орын – «Сілеусін» (Режиссеры: Oразбаева Шарипа)
- 2 орын – «Ессіздік» (Режиссеры: Найзабеков Аян)
Сарапшылар Аян Намазбековтың жобасының комерциялық мүмкіндігін атап өтсе, Шарипа Оразбаеваның жобасының тақырыптық маңыздылығын ескерді. Сондай-ақ Асель Аушакимова «Жалғыз» атты жобасы ерекше аталып өтті.
«Менің ойымша осындай кәсіби алаңдар жас режиссерлерге өте маңызды. Себебі, байқауға қатысып жатқан режиссерлердің бәрі өздерінің қысқаметрлі фильмдерімен бірталай шетелдік кинофестивальдерде жеңімпаз болған, Алайда, әлі де болса толықметрлі фильмдерін түсіре қоймағандықтан, әр бір дебютант үшін бұл – өтпелі кезең. Осындай жас режиссерлерге үлкен мүмкіндік беретін «Eurasia Spotlight» ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», - деді бұл питчингтің жүлдегері Шарипа Оразбаева.