Өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ашылды

2017 жылдың 29 қараша күні, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы көрме залында «ҚР Тұңғыш Президенті күніне» арналған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессор-оқытушылары мен студеттерінің шығармашылық бейнелеу өнері көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ашылды
Көрмеде студенттермен қатар ҚР кескіндеме өнерінің майталмандары Ж.Қайрамбаев, С.С.Бапанова, Б.Тұрғынбай, Б.Байділда, Р.Базарбаева және т.б. өнер қайраткерлері өз шығармашылық жұмыстарын паш етті.  
Оқытушылар мен шәкірттер бірге ұйымдастырған көрме ұлттық өнердің сабақтастық дәстүрінің жалғасының айқын көрінісі, жастардың көркемөнер деңгейін көтереді, сондай-ақ, қазақ жастарын патриоттық рухта және Отан сүюді тәрбиелейді.
ақпарат Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының веб-сайтынан алынды.