Көрме дүниені қабылдау сезімі басқаларға ұқсамайтын екі бозбаланың шығармашылығын ұсынады. Табиғат оларды ерекше етіп жаратты. Әлібек пен Алан құрдас, жастары 19-да. Аутизм оларға өздерінің ойларын білдіруге кедергі болған жоқ. Бала кездерінен олар өздерін шығармашылықтары арқылы көрсетіп келеді. Көрмеге 100-ден астам туынды қойылған. Балаң жігіттердің қолынан шыққан жасалымдары жеке өздеріне ғана тән, өйткені, олар ішкі көңіл-күйі мен сезімдеріне сүйенеді. Екеуі тек өздеріне ұнағандары мен өздері үшін ең маңыздысын ғана жасайды. Олардың туындылары – өздерінің балалық пәк көңілі мен ашықтық қасиеттерін бойларына сіңіріп, ешкімді бейтарап қалдырмайтын картиналар, мүсіндер, анимациялар.
Әлібек кескіндемемен әуестенеді, дегенмен, оның сүйікті ісі пластилиннен жапсырып, өзінің төл мультфильмдерін жасау. Бұл оның үй-ішіне күтпеген оқиға болды. Әлібек өз бетімен компьюерлік бағдарламаларды меңгеріп, солардың көмегімен анимация жасайды. Түрлі сюжет ойлап тауып, өзінің пластилин кейіпкерлеріне түрлі мінез-құлық пен қасиет береді. Әлібек өз мультфильмдерінің сценарийлерін де өзі жазады, оларды өзі
дыбыстайды. Ол ештеңені де екінші орынға қоймайды, әрбір детальды әбден
жетілдіреді. Әр жапсырылған мүсінге ерекше ден қояды да, сол кейіпкерлерімен дос болып кетеді. Әлібектің Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұстаздарынан алған сабағы зая кеткен жоқ. Академиялық стильде орындаған жұмыстары – соның нәтижесі.
Алан акварельмен, гуашьпен, пастельмен және қарындашпен сурет салады. Оның «Шарлар», «Кубиктер», «Үшбұрыштар» (2015) деп аталатын жұмыстары ерекше назар аудартады. Бұларды ол майлы бояумен орындаған. Бұл геометриялық фигуралы абстрактылы композиция. Бұлардағы ең бастысы – формалардың пластикасы, туындылардың палитрасының ырғағы мен үндесе үйлесуі. Таңдалып алынған материалдың жылы қанық түстерінің арқасында олардың жұмсақ фактуралары қарама-қарсы түстерді жақындастыра түседі. «Әйнектің арғы жағында» (2017) атты картинасында суретші жып-жылы сары ала жамылғысының үстіне жайлап қыс түсіп келе жатқан күздің көңіл-күйін береді. Алан әсершіл де зерек бала. Бір күні ол ковбойлар туралы кино көрді. Соның әсерінен «Шериф болғым келеді» (2013) картинасын туындатты. Бұдан баланың өзін ерлік пен намысты, әлсіздерді қорғауды кейіптейтін кейіпкерге ұқсатқысы келген талабын оқисыз.
Аутизм бүгінгі күні – мамандардың назарын өзіне аударатын жұмбақ құбылыстардың бірі. Шын ниетпен жасалған қарым-қатынас осынау алынбайтын қамалды бұзуға болатынын практика көрсетіп отыр. Сүйіспеншілік, ниет пен сенім үшеуі біріксе небір кереметтер жасалады. Көрменің негізгі мақсаты – балаң жігіттерді әлеуметке тарту. Ең маңыздысы – оларға өз әлеуеттерін сезінуге, сыртқы әлеммен тікелей араласудың жолын табуға, онда өз бетінше өмір сүре білуге мүмкіндік беру, ал қоғам инклюзивті сұхбатқа тартуға көмектеседі.
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ерекше мұқтаж суретшілерге бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларға ұдайы бастама көтеріп отырады, мұндай шаралар музейді осы топтағы көрермендерге қолжетімді етеді.
Бұл – ерекше дарынды балалардың толықтай жақсы өмір сүрулеріне, олардың болашақтағы өмірлік жолдарын табуыларына қолдан келген мүмкіндікті жасап, алдағы уақытта қолдау көрсетуге ниет етіп отырған «Darai» және «Pioner concept» Қоғамдық қорларының сынамалы жобасы.
Көрме 2018 ж. 30 қаңтарға дейін ұласады. Сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күн: дүйсенбі
Көрменің жетекшісі Баженова Наталия
Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ аға ғылыми қызметкері.
Тел: 3945701 (150)