"Періштелер уақыты" авторлық интерьерлік қуыршақтардың
аукционалды қайырымдылық көрмесі – муковисцидозбен ауыратын балаларға арнайы
көмек ретінде құрылған теңдессіз жоба. Муковисцидоз – ішкі секреция бездерінің
жүйелі түрде ауыр зақымдалуымен сипатталатын ең көп тараған тұқым қуалайтын
ауру. Ауру баланы өмір бойы қымбат дәрілер қабылдап, өмірін ауруханада өткізуге
мәжбүрлейді. Сонымен бірге баланың психологиялық ахуалына ізін қалдырып, өмірін
қысқартады. Аукциондық сауда-саттықтан түсетін бүкіл қаражат «Муковисцидозбен
ауыратын мүгедек балалар» Қоғамдық бірлестігіне беріледі. Бұл – көптеген
балаларға өмір қуанышын сыйлайтын аукционалды көрмеге Ресей мен Қазақстанның
түкпір-түкпірінен бүкіл «періштелер» ұшып келетін "Періштелер уақыты" .
Аукционалды қайырымдылық көрмесі Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас
Консулдығы мен Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің қолдауымен өтеді. Баспасөз конференциясына муковисцидозбен ауыратын балалардың ата-аналары,
"Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар" ҚҚ директоры, сондай-ақ
барлық сұрақтарыңызға жауап беретін дәрігер, ПжБХҒО пульмонология
бөлімінің меңгерушісі Наурызалиева Шәмшәгүл Төлепқызы қатысады.
"Періштелер уақыты" аукционалды көрмесінің экспозициясында
отызға тарта қуыршақшы шеберлердің
авторлық интерьерлік қуыршақтарының 35 туындысы қойылған. Олардың
арасында көптеген халықаралық көрмелердің қатысушылары мен жеңімпаздары бар.
Қазақстандық қуыршақшы шеберлердің көпшілігі – 2017 жылы қараша айында Ә.
Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ресей мен Қазақстан арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына арналып өткен
«Мәңгілік бірге» халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесін ашқан
есімдер. "Періштелер уақыты" аукционалды
қайырымдылық көрмесінде біз И. Самойлова (Зырянь қ.), И. Итахунова (Риддер), Т.
Фисенко (Қаскелең қ.) О. Феденева Семей), А. Елисеева (Көкшетау қ.), Н.
Антонова (Алматы қ.) және басқа да талантты шеберлердің көптеген таңғажайып
қуыршақ періштелерімен кездесеміз.
Осы көрменің аясында «Жұлдызды қуыршақ» жобасының нәтижесі де ұсынылады.
Аукциондық сауда-саттыққа қойылған туындылардың арасында «Star Doll»
студиясының және оның жетекшісі Светлана Печельникованың (Мәскеу қ.)
қуыршақтары болады. Оларды безендіріп, киіндірген – қазақстандық белгілі
дизайнерлер, отандық шоу-бизнес жұлдыздары және алматылық қуыршақ шеберлері.
«Жұлдыздардың» есімін көрмеге келген соң білетін боласыздар.
Көрмеге қойылған экспонаттардың әрқайсысы авторлық интерьерлік қуыршақ
техникасында және зор ықыласпен жасалған. Аукционалды көрмедегі бүкіл
періштелердің жаны болғандықтан, олардың қолқабыс жасауға ниеттері шексіз.
Авторлық интерьерлік қуыршақтардың "Періштелер уақыты" аукционалды қайырымдылық
көрмесі біздің әрқайсымызға осы болмашы кереметтің қатысушысы болуымызға
мүмкіндік сыйлайды. Осы көрмеге қатыса отырып, біз өзіміздің періштемізді
таңдап алып, сырқат балалардың сауығып кетуіне үміт отын жағамыз, ал періштелер
өз кезегінде біздің әрқайсымызға үкілі арманымыздың орындалуына көмектеседі,
сөйтіп олар үйіміздің бір көрікті бұйымына айналады.
Періштелерді 14 қаңтардан 27 қаңтарға дейін Орталық көрме залынан
көрулеріңізге болады. Өзіне ұнаған періштенің үйінде тұруына өзінің қайырымдылық
қорын айырбастағысы келетіндер үшін 27 және 28 қаңтарда аукциондық сауда-саттық
өтеді. Аукционға қатысу үшін мына мекенжай бойынша cvkkaz@mail.ru online-тіркеуден өту қажет немесе мына
нөмірлерге хабарласуға болады: +7 777 29 89 049, +7 777 383 5414. Оnline-каталог мынадай
сілтемеде көрсетілген:cvkkaz@mail.ru
Шараның атауы: муковисцидозбен ауыратын балаларға көмек ретінде
бірінші аукциондық сауда-саттықтың "Періштелер уақыты" авторлық интерьерлік қуыршақтардың қайырымдылық аукционалды көрмесі
Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залы
Өтетін күні мен уақыты: 2018 ж. 14-28 қаңтар сағат 10.00-ден
18.00-ге дейін, дүйсенбіден басқа күндері күн сайын
Баспасөз конференциясы: 10 қаңтар 12.00-де Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығында (мекенжайы: Алматы
қаласы, Жандосов к., 4)
Көрменің салтанатты ашылуы: 14 қаңтар сағат 14.00
Аукциондық сауда-саттық: 27 және 28 қаңтар сағат 15.00
Аукционға тіркелу: cvkkaz@mail.ru
Көрмені ұйымдастырушылар:
Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы,
Қазақстан Республикасындағы Ресеймен ынтымақтастық өкілдігі, Ә. Қастеев
атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, «Әлем қуыршақтарының орталығы» Қазақстан
қуыршақшылар қоғамдастығы.
Баспасөз қызметі: Юрий
Красильников - +7 777 383 5414
Көрменің жетекшісі: Оксана Танская - +7 777 29
89 049
Жобаның демеушісі: «Reforma Group» компаниясы
Ақпараттық серіктес: Қазақстандағы орыстар ақпараттық порталы, блогер
Акын Акыныч