Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Сыйақысының Лауреаттарын салтанатты құрметтеу рәсімі өтеді

Назарбаев орталығында 2018 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйақысының Лауреаттарын жыл сайын салтанатты құрметтеу рәсімі өтеді.
Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Сыйақысының Лауреаттарын салтанатты құрметтеу рәсімі өтеді

2008 жылы Қор ғылым, мәдениет және өнер саласында өз
Сыйақысын тағайындады. Бұл іс-шара жас талантты қазақстандықтарды қолдау және
олардың қызметін тану үшін берілетін Қордың ең құрметті марапаттарының бірі
болып табылады.

Сыйақы байқау негізінде музыка, театр және сәулет өнері,
хореография, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика,
инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар номинациялары бойынша айрықша
шығармашылық жобалар және соңғы ғылыми зерттеулерге беріледі.

Қор Сыйақысы танымал қайраткерлер үшін жоғары мәртебені
тағы бір дәлелдеу болса, дебютанттар үшін – өзін Қазақстанға көрсетудің тамаша
мүмкіндігі болып табылады.

Марапаттаудың салтанатты рәсімінде әрбір Лауреатқа диплом,
кеуде белгісі  ақшалай сыйақы табысталады.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев,  ҚР Парламентінің
депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері
іс-шараның құрметті
қонақтары болады.

Қор Сыйлықақысының беріле бастаған уақытынан бастап
200-ден аса ғылым және мәдениет өкілдері Қордың Лауреаттары атанды. Олардың
ішінде қазір әлемге танымал әнші - Димаш
Құдайберген
, беделді халықаралық конкурстардың Лауреаты, опера әншісі – Сүндет Байғожин, танымал балет әртісі –
Досжан Табылды, танымал ақын – Қалқаман Сарин, актриса – Әсел Сағатова, эстрада әншісі - Алишер Каримов бар.

Іс-шара Назарбаев орталығында өтеді.
Басталу уақыты – 16.00 сағ.

Мекен – жайы: Астана қ., Ә.Бөкейхан
көш.1.

БАҚ өкілдері үшін аккредитация мына
телефон арқылы жасалады: 8 7172 708 367

         Исабаева
Айнұр, a.isabayeva@fpp.kz