Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова опералық ариялар, қазақтың халық әндері, орыс романстары мен басқа да вокалдық шығармаларды орындайды.
Толқын Забирова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратура және аспирантурасын тәмамдаған, КСРО Халық әртісі, профессор Бибігүл Төлегенованың шәкірті, қазақстандық эстраданың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасының қоры сыйлығының лауреаты, музыкатану ғылымының кандидаты. 1996 жылы Калининградтағы (Ресей) халықаралық «Алтын бұлбұл» байқауының, 1998 жылы халықаралық «Әлібек Дінішевтің театры» байқауының және бірнеше шетелдік эстрада байқауларының лауреаты атанды.
Өзінің концерттік жұмысын Толқын Забирова үш бағытта жүргізеді – бұл камералық кллассикалық музыка, қазақтың халық әндері мен танымал музыка. Шығармашылық мансабында әнші 20 жуық бейнебаяндар түсірді, бірнеше концерттік бағдарламалар дайындады, олардың арасында: 2001 жылы – «Үшеуі бірге», 2004 жылы – «Асқақ келбет», 2006 жылы – «Жүрек сазы», 2008 жылы – «Ғажайып әуенге махаббат». 2005 жылы әнші В. Спиваковтың жетекшілігімен танымал ресейлік «Мәскеу білгірлері» оркестрінің сүйемелдеуімен Моцарттың мотетін орындайды, ұстазы Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт DVD дискке шықты. CD, DVD, VHS, компакт үнтаспаларда 10 астам музыкалық альбомдарды жарыққа шығарды.
Толқын Забирова мәдени делегациялардың құрамында Қазақстанды бірнеше рет шетелге таныстырды. Ол бірқатар халықаралық байқаулардың лауреаты бола отырып, Австрия, Германия және басқа да жетекші шеберлердің мастер класстарына қатысу арқылы өзінің вокалдық шеберлігін үнемі арттырып отырады.
Кешті жүргізуші – Клара Исабаева, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі.