Алматыда "Бауыр" фильмінің көрсетілімі өтеді

1 наурызда сағат 19:00-де Арман кинотеатрында (Достық даңғ., 104) "Бауыр" фильмінің көрсетілімі өтеді (орыс тілінде кадр сыртында дыбысталған). Режиссері - Серік Апрымов.
Алматыда "Бауыр" фильмінің көрсетілімі өтеді
Фильм туралы: Тоғыз жастағы Еркін таудың маңында орналасқан ауылда жалғыз өзі тұрады. Оның әкесі үнемі сыртта ұзақ мерзімді іс-сапарларда жүретін болса, анасы 5 жыл бұрын қайтыс болған, ал үлкен ағасы қалада оқуда. Еркін үнемі үлкен ағасын күтумен күнін өткізіп жүреді. Және ол ағасының өзіне қорған болғанын, қолдау көрсеткенін аңсайды. Алайда, туған ағасымен аңсаған кездесу Еркін ойлағандай бола ма...
Фильмнің ұзақтығы 94 минут.
Сценарий авторы және режиссері Серік Апрымов
Қоюшы оператор Александр Рубанов
Композиторы Мурзали Жеенбаев

Рөлдерде:

• Алмат Ғалым,
• Әлішер Апрымов,
• Дохдурбек Қыдыралиев,
• Сәтімжан Санбаев,
• Мұрат Омаров.
- 70-ші Венециалық кинофестивальдің «Orizzonti» байқауына қатысқан
- "Үздік режиссер" және НЕТПАК жүлдесінің иегері, «Еуразия» кинофестивалі
- "Шығыс Еуропаның үздік фильмі" жүлдесі, "Санта-Барбара" кинофестивалі
- "Үздік авторлық фильм" жүлдесі, "Cinejunior" кинофестивалі
- Сыртқы істер министрлігінің жүлдесі, Халықаралық Орта және Шығыс Еуропа кинофестивалі, Германия
- "Үздік фильм" категориясында "Арнайы аталым", Nashville Film Festival