Өтетін уақыты: 15-16 наурыз 2018 жыл.
Өткізілу орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Ұйымдастырушылар: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы, «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қор»
Мақсаты: Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән-күй саласындағы асыл қазынасын жан-жақты насихаттау, халық композиторларының ән-күйлерін, терме-жырларын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазақ халқының әншілік-күйшілік дәстүрін (мектебін), орындаушылық ерекшілектерін дәріптеп отырып, жас таланттарды іздеп табу, болашақ ұрпақтың бойында туған елдің өнеріне, өткеніне деген құрмет, сезімін қалыптастыру болмақ. Дәстүрлі өнер саласында жүрген дарынды әншілерді анықтап бағыт-бағдар көрсету, шығармашылығына жол ашу осы конкурстың басты мақсаты.
Қатысу шарттары:
Төменде көрсетілген құжаттар 2018 жылдың 9 наурызына дейін 83aiko@mail.ru почтасына қабылданады:
- жеке куәліктің көшірмесі.
- оқу орнынан анықтама
- қысқаша өмірбаян
- байқауға қатысушының бағдарламасы
- дипломдар мен марапаттаулардың көшірмесі (бар болған жағдайда)
- 2 Фото (10*15)
Байқау талаптары:
. байқауға музыкалық орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары қатыса алады. Байқау екі номинация бойынша өтеді. «Дәстүрлі ән» және «Дәстүрлі күй» номинациялары бойынша.
- қатысушылардың жол ақысы, жататын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан ұйымдастырылады;
- Республикалық музыкалық орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің конкурсқа қатысушы оқушыларының санына шектеу қойылмайды;
- Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;
- Тыңдау жариялық түрде өтеді.
Қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасының көрнекті өнер қайраткерлері мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының білікті ұстаздарынан құралады.
Байқаудың жеңімпаздарын Қазылар алқасының құрамы анықтайды. Қазылар алқасының құрамын 3 алқа мүшесі және Төраға құрайды. Қазыларға Төраға жетекшілік етеді. Егер дауыс беру нәтижесі тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі нақты және қайта қарауға жатпайды.
Қазылар әр номинация бойынша лауреаттарды анықтайды. Алқа құрамы барлық жүлде орындарын тағайындамауы мүмкін және оған құқылы. Әр номинация бойынша жеңімпаздар Гран при және жүлделі 1,2,3 орындарды иеленеді. Сонымен қатар, арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастыру алқасы аудио және бейне жазба жасауға, оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз пайдалануға құқылы.
БАҒДАРЛАМАНЫ АУЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ!!!
«Дәстүрлі ән»
- Халық композиторларының бір әні (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай, Сыр бойы әншілік дәстүрлері бойынша)
- Халық әні
- Кенен Әзірбаевтың шығармашылығынан 1-ән (билет алу арқылы, қосымша көрсетілген тізім бойынша) *
«Дәстүрлі күй»
- Төкпе дәстүрінен 1-күй (Батыс, Маңғыстау, Сыр өңірлерінің күйшілік дәстүрлері бойынша)
- Шертпе дәстүрінен 1-күй (Арқа, Қаратау, Алтай-Тарбағатай, Жетісу)
- Кенен Әзірбаев «Құлақ күйі» (міндетті түрде, нотасы қосымшада беріледі)
Кенен Әзірбаевтың әндерінің тізімі (қосымша)
- Ри, қойым!
- Алатау алабында
- Көпшілік, тыңда әнімді
- Бұлбұлға
- Мөртай сұлу
- Бал құйылды даладан
- Қазақстан аймағы
- Қайран ел қайда
- Жаңа заң
- Көпшілік тыңда әнімді
- Бақытты жастар
- Ойжайлау
- Гигигай
- Шырқа дауысым
- Әнім қалсын
- Жас екпін
- Мен сүйемін халқымды
- Бастау
- Күләшқа (жоқтау)
- Домбыра
Әншілердің жүлде орындары:
Гран-при – 500 000 тг.
1-ші орын – 300 000 тг.
2-ші орын – 200 000 тг.
3-ші орын – 100 000 тг.
Күйшілердің жүлде орындары:
Гран-при – 500 000 тг.
1-ші орын – 300 000 тг.
2-ші орын – 200 000 тг.
3-ші орын – 100 000 тг.
- Гран-при жүлдесі бөлінбейді. 1,2,3-ші орындардың жүлдесін әділ-қазылар бөліп беруге құқылы.
Кез келген сұрақтар бойынша:
+7 701 570 37 05 – Даржанова Шолпан
+7 702 358 58 68 – Тайгулова Айгерім. электронды почта: 83aiko@mail.ru