Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде "Париж классикасы" атты музыкалық вернисаж өтеді

2018 жылдың 10 мамырында ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі «Париж классикасы» атты Музыкалық вернисажға шақырады.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде "Париж классикасы" атты музыкалық вернисаж өтеді
Максим Зекини

Халықаралық байқаулардың лауреаты, саусағынан бал тамған пианиношы Максим Зекини Массне, Равель, Верди, Шульгоф, Беллинидің және басқа да аса көрнекті композиторлардың шығармаларын орындайды. Концерт ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Қазақстандағы Франция елшілігінің бірлесуімен және Алматы Француз Альянсымен ұйымдастырылды.

Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартинэ атап өткендей: «Біздің Қазақстандағы жетекші көркемсуретті музеймен, Ә. Қастеев атындағы музеймен көпжылдық ынтымақтастығымыздың аясында, біз музейдің «Музыкалық вернисаж» атты ең танымал жобасында заманауи біртуар француз пианиношысы Максим Зекиниді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз.

Максим Зекини 1979 жылы Парижде дүниеге келген. Ол Лиондағы Жоғарғы ұлттық консерваторияны Жери Мутье мен Даниель Рено-Фаскельдің сыныбында аяқтайды. Кейіннен Жоғарғы Париж ұлттық консерваториясында Жан-Франсуа Хайссердің сыныбында «Жетілдіру кезеңінен» өтеді.

Зекини – Имола (Италия) қаласындағы Incontri col Maestro беделді халықаралық музыкалық академиясында білім алған алғашқы француз пианиношысы. Максим «Блейстейн-Бланше әуестігі» сыйлығының, Мейер қоры мен «Сосиете женераль» меценаттығының лауреаты; халықаралық «Аркашон» байқауының жеңімпазы, «Форум Нормандия» сыйлығының лауреаты, Цифр қорының, Сицилиядағы Рагуза-Ибла байқауының лауреаты, ал 2003 жылы оған бірауыздан Италиядағы Варенна-Лак Комо халықаралық байқауының басты жүлдесін табыс етті.

Пианиношы Париж бен Францияның ең үздік концерттік сахналарында өнер көрсетеді – Гаво залында, Шатле театрында, Корто залында, Мариньи театрында, сондай-ақ шетелде – Италияда, Австрияда, Германияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Жапонияда, Үндістанда, Оңтүстік Африкада және басқа елдерде.    Максим Зекиниді "эклектикалық музыкант" деп атайды – ол теледидарға арналған оркестрлік музыкамен айналысады, әнші Джулия Мигенеспен мюзиклдар мен концерттер қояды. Актриса Анук Эмемен серіктестікте «дәрістер-концерттер» береді. Композиторлық өнермен жас күнінен әуестенеді, және ол Editions Durand-Salabert-Universal Music -те шығарылған бірқатар түпнұсқалы музыкалық шығармалар мен өңдеулер жазды.

ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева: «Франция елшілігі мен Француз Альянсы – музейдің ең белсенді серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары біз бірнеше қызықты жобаларды жүзеге асырдық: «Франция інжу-маржандары» және «Ұлы Жібек жолының Үлкен көйлектері» көрмелері, Франк Фогельдің фотокөрмесі, париждік галерист Зикки Пенг пен француз сәулетшісі, мүсінші әрі дизайнер Милен Гермонның дәрістері. Және саусағынан бал тамған пианиношы Максим Зекинидің концерті».

Кештің жүргізушілері – Клара Исабаева, ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі.

Анықтама үшін байланыс – 394-57-18, 8-775-371-4820, 8-747-181-5126.

Билеттің құны  – 2500 теңге. Баға ішіне мыналар кіреді: 1) сағ. 17.00 – 19.00 музейді аралау; 2)  сағ. 18.30 – кофе-брейк;  3) сағ.19.00 –  «Париж классикасы» концерті

      Жетекші – Клара Исабаева