Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі мәресіне жетті

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры 2018 жылдың 20-22 сәуірі аралығында Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалін өткізді.
Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі мәресіне жетті

Фестивальдің басты мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Тахауи Ахтановтың есімін есте қалдыру, театр өнерін өркендету, заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру және ара қатынасты нығайту, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болды.

​Фестиваль аясында Т.Ахтановтың шығармашылығына арналған конференция өткізілді.

Фестивальге Республика көлемінен Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «А.И. музыкалық театр және продюсерлік орталығы», «Театр 28» мен Ресей Федерациясының А.С.Пушкин атындағы Орск мемлекеттік драма театры және жергілікті Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен облыстық «Алақай» қуыршақ театры қазақстандық және шет елдің авторларының заманауи эксперименттік спектаклдері қатысты.

​Фестивальге қатысушылардың өнерін қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның халық әртісі Е.Обаев, сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында белгілі театр сарапшысы, режиссер М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры А.Маемиров, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Е.Жуасбек, Ресей халық әртісі, А.Пушкин атындағы Орск драма театрының көркемдік жетекшісі А.Кове, Қырғызстан Республикасының халық әртісі, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлығының иегері Б. Одуракаев және облыстық мәдениет, мұрағаттар және архивтер басқармасының басшысы М.Қорғанбаева саралады.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтарына А.Чехов атындағы Мәскеу көркемдік театрының актеры Д.Дюжевтың орындауында А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» моноспектаклі  көрсетілді.

Фестивалдің қорытындысы бойынша:

Ең Үздік дебют -  Ш.Айтматовтың "Ана жер ана" қойылымындағы Әлиман рөлі үшін Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Дамира Иса;

"Кәсіби шеберлігі үшін" жүлдесімен "Отпусти поводья и лети" қойылымымен "Алақай" қуыршақ театры;

"Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі" жүлдесін Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі В.Кенжібаев "Черная бурка" қойылымындағы Көкжал рөлі үшін жеңіп алды.

"Екінші пландағы үздік әйел бейнесі" жүлдесімен П.С.Пушкин атындағы Орск драма театрының әртісі Т.Потерява "Меня нет"  қойылымы үшін марапатталды.

"Ең үздік ер адам бейнесі" жүлдесімен "28 thetre " театрының әртісі Азамат Сатыбалды "Войцек" қойылымындағы Войцек рөлі үшін марапатталды

"Ең үздік әйел адам бейнесі" "А.И." театрының әртісі Айнұр Бермузамедоваға "Федра" қойылымындағы Федра рөлі үшін бұйырды.

"Ең үздік режиссура" жүлдесі "Войцек" қойылым үшін Дина Жумабаеваға табысталды.

"Ең үздік спектакль" жүлдесімен Ғ.Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театры "Шыңырау" спектаклі үшін марапатталды.

ескерту: фотолар Ахтанов театрының әлеуметтік желі парақшасынан алынды.