Мәжит Бегалиннің "Бұл шұғылада болған еді" фильмінің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі өтеді

2018 жылы 28 сәуірде сағат 10:00 Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі режиссер Мәжит Бегалиннің "Бұл шұғылада болған еді" фильмінің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі өтеді.
Мәжит Бегалиннің "Бұл шұғылада болған еді" фильмінің Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі өтеді

Қазақ киносының классигі атанған Мәжит Бегалиннің бұл туындысы 1955 жылы түсіріліп, КСРО бойынша шектеулі прокатта көрсетілген болатын. Бүгінгі күні фильмнің жалғыз көшірмесі (контратипі) Ресей Федерациясындағы Мемлекеттік фильмдер қорында сақталған.

2017 жылы Мәжит Бегалиннің шығармашылығын зерттеп жүрген Евгений Лумпов есімді режиссер-документалист "Фильмдердің үйге оралуы" атты іс-шараны ұйымдастырып, фильмнің сандық көшірмесін - DVD-нұсқасын жасап алу үшін қажетті қаражатты өзі жинаған. Осылайша аталған кинотуынды елге оралып, көрермендер фильммен қауышқалы отыр.