Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу мерекесі. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс жайлы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп барады. Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпақтың еліміздің өткен тарихын тереңірек зерделеуіне ықпал етіп, олардың бойында азаматтық сана-сезім, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Отансүйгіштікке, қашанда ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық болуға тәрбиелеп, ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыс сезімін білдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі серіктестерімен бірлесе отырып Жеңіс Күні мейрамы қарсаңы – 2018 жылдың 4 мамырында
Алматы қ. Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы және еңбек майданы ардагерлеріне арнап мерекелік бағдарлама дайындады:
- ардагерлерге құрмет көрсетіледі;
-«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» экспозициясымен танысу;
- ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі Академиясы, Корей мәдени орталығы, «Аяжан» Медецина колледжі өнерпаздарының, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы артистерінің орындауында концерт; Сондай-ақ, осы акцияны қолдаған Қазақстан Жылыжайлары Ассоциациясы, «Бостан» компаниясы, «Ақмарал Сауда», «AMIRAN», ZUGO Home Textile, «WELLDIS», «Lemonadoff Food», «RG Brands Kazakhstan», Сұлтан-Маркетинг жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сынды демеушілеріміздің ардагерлерге ұсынбақ тарту-таралғылары бар.