Өнер – өзіне тән ерекшеліктер мен
өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен
тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ, әрбір халықтың
өзіне тән эстетикалық талап, талғамдары бар. Осындай талғамы жоғары,
талабы зор өнер жолындағы тұлғалардың ерен еңбектерін бағалау мақсатында, ҚР
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Отандық шығармашыл
зиялы қауым өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері мемлекетіміздің
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерін анықтады.
Аталмыш сыйлық – отандық мәдениеттi
дамытуға ерекше бағалы үлес қосты деп танылған аәдебиет пен өнер саласындағы
жандарға аса үздiк шығармалары үшiн берiлдi.
Алғашқы иегерлердің бірі – белгілі
жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы. Аталмыш сыйлық жазушыға
«Әй, дүние-ай» тарихи романы үшін берілді.
Кино өнерінен «Құнанбай» көркем фильмі
үшін Досхан Жолжақсынов, Айдос Бектемір т.б. авторлар тобы мемлекеттік сыйлыққа
ие болды.
Сондай-ақ, «Қазақ елі»
монументтік ескерткіш авторлары Сәрсенбек Жүнісов пен Жаңбыршы Нұркенов те
мемлекеттік сыйлықты иеленді. Мемлекеттік
сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні
қарсаңында өтеді.
Мемлекеттік сыйлық иегерлерін ONER.KZ сайтының атынан шын жүректен
құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!