Мұрат Абуғазының күй кешіндегі тосын сый

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қабырғасында күйші, өнертанушы, доцент Мұрат Әбуғазының шығармашылық кеші болып өтті. Кештің басты жаңалығы үш бірдей кітаптың және «Қасқа жүйрік» атты жинақ-дисктің тұсаукесері болды.
Мұрат Абуғазының күй кешіндегі тосын сый

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясының қабырғасында күйші, өнертанушы, доцент Мұрат Әбуғазының шығармашылық
кеші болып өтті. Кештің басты жаңалығы үш бірдей кітаптың және «Қасқа жүйрік»
атты жинақ-дисктің тұсаукесері болды. Кешті бәрімізге белгілі дәстүрлі әнші,
«Дәстүрлі ән» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев сөзімен ашып, әрі
қарай күмбірлеген  күй мен дәстүрлі
әннің ырғағында жалғасты.

Қазақ күй өнері қандай кітаптармен
толысты? Әуелі, қазақ күй өнерінің бетке ұстар дмбырашысы,
 өзіндік орындаушылық мектебін қалыптастырған саңлақ күйшілеріміздің бірі
Қазанғап Тілепбергенұлының күйлерін нақышына келтіріп орындаған Сәдуақас
Балмағамбетовтың «Күй дастан» кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа Қазанғап Тілепбергенұлының күйлері және автордың төл шығармалары
топтастырылған. Жинақ кәсіби домбырашы-күйшілерге, жоғары және орта музыкалық
оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілеріне, сонымен қатар, жалпы өнер
сүйер жұртшылыққа арналады.

Екіншіден, қазақ күй өнері Қайырғазы Төленнің «Көне Бытығай» деген кітабымен толысты. Бұл жинаққа фольклорлы-этнографиялық
ансамбльдерге лайықтап түсірген ән-күйлер мен шығармалар еніп отыр. Басылым дирижерлерге, музыкалық оқу
орындарының ұстаздары мен шәкірттеріне арналады. Екі кітаптың да құрастырушысы
және пікірін жазған Мұрат Әбуғазы.

Сонымен қатар, Мұрат Әбуғазының «Қазақтың
домбыра өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабының тұсауы кесілді. Кітапта қазақ
домбыра өнерінің шығу тарихы мен күй өнері мектептері жайлы кеңінен айтылып,
зерттеледі.

«Қасқа жүйрік» атты жинақ
дискке күйші Сейіт Жұмажанның орындауындағы он тоғыз күй жинақталған. Жинақтағы
әрбір күйдің шығу тарихы баяндалады. Жинаққа халық күйлерінен бөлек Өсерхан
Сағынбайұлы, Бердібай, Қабыкей Ахмерұлының және автор Сейіт Жұмажанұлының
жанынан шығарылған күйлері енгізілген.

Бұл кітаптар мен
жинақтың қазақ күй өнері үшін маңызы зор. Мұрат Әбуғазының айтуы бойынша, бұл
жинақтар Қазақстанның әр түкпіріндегі дәстүрлі музыканы оқытатын оқу орындарына
жеткізіледі. Бұл кітаптар көптеген таланттардың көзін ашып, білімдерін жетілдіретіні
белгілі.