Осы кеште «Қазақстан» ОКЗ сахнасында классика мен эстрада жұлдыздары оркестр және хормен бірігіп танымал әндерді жаңа үлгіде орындап ұсынады. Ғалымжан Молданазар, Шаба Әденқұл, Мейір Байнеш, Жұбаныш Жексенұлы, Марсель, Қанат Омаров, Ернар Нұртазин, Берік Батырхан и Гүлмира Құттыбадамова – «САМҒАУ» концерті әртүрлі бағыттағы орындаушылардың түйісу орталығына айналды.
Жоба авторы - Жания Әубәкірованың айтуынша, барлық қазақстандықтардың сүйікті әуендері жобаның жүзеге асырылуына серпін берді. Бұл – қазақ ән мәдениетінің алдындағы өздерінің ішкі әлеуетін ашып, адамзат музыкасы мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуын қажет ететін кәсіби мамандардың көптен күткен арманы мен «өзіндік» міндеті.
«Әр ұрпақтың қазақ әндері әлемдік өнер қазынасының жақсы үлгілеріне сәйкес келетін сұлулығымен, терең мазмұндылығымен құнды мұра болып табылады. Шынайы қуат, сұлулық, бала кезінен таныс әуендердің маңыздылығы өзін-өзі танытса екен деймін», - дейді Ж.Әубәкірова.
Концерт бағдарламасы әртүрлі тарихи кезеңдерден, оның ішінде – сал-сері мен жыраулар дәстүрі (18-19 ғғ.), кеңес кезеңінің эстрадасы, ХХ-ХХІ ғғ. кәсіби композиторлық мектебі, заманауи танымал музыкадан құралған. «Жігіттер жыры», «Бақыт құшағында», «Өз елім», «Айбозым» және т.б. қазақстандықтарға танымал әндер жаңа, тіпті күтпеген нұсқаларда орындалады. Гитараның ауыр рифтары, өткір танго ырғақтары мен Бах хоралдары – бұл «САМҒАУ» концертіне келген тыңдаушыларды күтіп тұрған жаңалықтардың аз ғана мөлшері.
Таза жанрлар мен өңдеу стильдер аясынан шығып, түбегейлі жаңашылдықты жасау үшін ең үздік отандық композиторлар мен өңдеушілер - Ренат Гайсин, Шырын Базарқұлова, Сәтжан Шәменов, Илья Башкатов және Данияр Бержапраковтар жобаға шақыртылды. Материалды бейімдеу жұмыстары бойынша соңғы жылдары жаңа шығармалардың болмауынан зардап шеккен жергілікті оркестрлердің репертуарлық шеңберлерін кеңейтіп, шетелдік ұжымдарға өз бағдарламаларындағы жарқын және ерекше партитураларды пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өту маңызды.
«Концерттік бағдарламаға енген ұлы әуендер әртүрлі деңгейдегі оркестрлер репертуарын безендіріп, Қазақстан мәдениетін жаһандық әлемде лайықты түрде көрсетуіне мүмкіндік береді», - дейді Жания Әубәкірова.
«САМҒАУ» концерті Елордамыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.
28 қыркүйек, 19:00
Мекен-жайы: «Қазақстан» ОКЗ, «Мәңгілік ел даңғылы, 10/1, Астана 010000