«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда

«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жеңіп алу үшін жыл сайынғы байқауға қатысуға өтінімдер әлі қабылдануда.
«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда

Байқаудың ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры болып табылады. Байқауды өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Оның мақсаты - қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетін дамыту, оған қолдау көрсету және танымал ету.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі жас жазушылардың шығармалары қабылданады.

Жүлде байқау негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

- «Жылдың үздік прозасы»;

- «Жылдың үздік поэзиясы»;

- «Жылдың үздік драматургиясы»;

- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

- «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына  арналған үздік әдеби туынды.

Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

Шығармалар 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және at2018@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.

Конкурс ережелері www.fpp.kz сайтындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланды.

Байланыс телефоны: 8 7172 708 318.