Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында 27-28 қарашада өткен байқаудың екінші кезеңінің нәтижесі бойыншаақтық сында өнер көрсетуге әр номинациядан үш қатысушы іріктеліп алынды. Іріктеуді құрамында Франция, Германия, Ресей және Қазақстанның білгілі музыканттары бар байқау қазылары жүргізді.
Ақтық сынға өткен қатысушылар:
«Флейта» номинациясы
Елибаева Хадиша
Солтыханова Роза
Даркенбаева Аружан
«Гобой» номинациясы
Жайлаубаев Алмат
Абдрахманова Лилия
Алиев Ислам
«Кларнет» номинациясы
Данильченко Анна
Даулет Толғанай
Дауткан Тлек
«Фагот» номинациясы
Сапабеков Талғат
Аширматов Олжас
Данабек Ерқанат
«Саксофон-альт» номинациясы
Мадениетов Мади
Мусаипов Арухат
Бемм Артур
30 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында өтетін байқаудың финалында жас музыканттар Моцарттың немесе Глазуновтың концерттік шығармасын «Қазақстан Камератасы» оркестрі мен Николас Краузенің сүйемелдеуінде орындаулары керек. Франциядан келген қазы сол кеште атақты «Қазақстан Камератасы» ұжымының дирижері ретінде өнер көрсетеді.
Жеңімпаздар сол күні анықталып, байқаудың жабылуына арналған гала-концертте жарияланады. Әр номинация бойынша I, II, III дәрежелі жүлделер мен Дипломант атағы және «Байқаудың үздік концертмейстері» дипломы тағайындалған. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5250000 теңгені құрайды.
Батырхан Шөкенов қоры туралы batyr.foundation
«Батырхан Шөкенов атындағы Қор» қоғамдық қоры 2015 жылы құрылған, 2018 жылы музыканттың отбасы қорды басқаруды өз қолына алды. Қамқоршылық кеңесті Бауыржан Шөкенов басқарды, қордың директоры - Наргиз Шөкенова.
Қор мәдениет пен өнер туралы жобалардың ұсыныстарына ашық немесе Алматы қаласының зияткерлік ортасын жақсартуға бағытталған. Әншінің мұрагерлерінің өкілі ретінде Қор Батырхан Шөкенов туралы ресми ақпараттың жалғыз көзі болып табылады.
Болат Өтемұратов қоры туралы www.utemuratovfud.org
Болат Өтемұратов қоры 2014 жылдың басында құрылған. Қордың миссиясы - Қазақстанға денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласының дамуына үлес қосып, қазір және болашақта адамдар үшін өмір сүрудің ең жақсы орны болуға көмектесу. Қорды құру идеясы оның негізін қалаушы Болат Өтемұратовқа тиесілі, ол «аутизм, әлем бәріне бірдей» бағдарламасы үшін 12,5 миллион доллар бөлді.
Болат Өтемұратов — дипломат, бизнесмен, меценат. Қазақстандық Forbes тізімінің жоғары қатарында.«Верный капитал» компаниясының негізгі салымшысы, Форте және Касса Нова банктерінің иесі. Кәсіби қызығушылық саласы : қаржы, телеком және медиа,қонақ үй кәсібі,жылжымайтын мүлік,табиғи қорлар, транспорт және логистика, құрылыс заттарын, тұрмыстық заттар және қызметтержасап шығаруды қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортты қолдауға,мәдени құндылықтарды сақтауға және денсаулықты жақсартуға бағытталған. 2007 жылдан бастап, Қазақстан теннис Федерациясының Президенті. Үлкен теннисті қарқынды дамытуға күш салуда, өз қалтасынан 65 миллион доллардан аса қаражатты елдегі ұлттық құрамалардың, балалар теннисінің және барлық үлкен қалалардағы теннистік инфраструктураның жандануына салған болатын.