Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл

Көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты еске алу шаралары өтеді.
Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл

2018 жылдың 20-24 желтоқсан аралығында Алматы қаласында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған жазушыны еске алу шаралары өтеді.

Еске алу шараларының кестесімен таныс болыңыздар.

20 желтоқсан сағат 11.00 де. Ұлттық кітапхана (Абай/Абылай хан қиылысы)
«Асқар Сүлейменов және ұлттық рух» атты конференция.

23 желтоқсан сағат 17.00 де. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Абай даңғылы 103).

17.00. – Кеңейтілген баспасөз және көрермендер конференциясы.

17.40. – «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы.

18.30. – Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» циклы бойынша қойылған «Біржанның соңғы әні» спектаклінің басталуы.

 

24 желтоқсан сағат 19.00 де. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында (Қабанбай батыр 110) Асқар Сүлейменовті еске алу кеші.