«Адасқақ» - көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің прозалық циклы бойынша қойылған драма-диалог.
Спектакльдің бас кейіпкері - қазақтың атақты әнші-композиторы Біржан сал Қожағұлұлы. Өмірбаяндық емес, өнербаяндық көркем қойылым оқиғалары бір күн ішінде, өң мен түс арасында өтеді. Өмірінің соңында дерт меңдеген Біржан сал. Өмір-өнер елестері. Абаймен, Ақанмен кездесулер, рух түлетер қауышулар, кетісулер... «...Өтерінде, кетерінде шыр айналды...» пәни дүниедегі өксік-өкініштер... Өнер адамының ұстанымы жайындағы көзқарастардың қақтығыстары... Құмсағаты түгесіле бастап, жаны мұрнының ұшына келген Біржан сал ән-зар шығарады. Әнмен мінәжат етеді.
Ол ән-зар һәм мінәжат – «Теміртас». Қазақта теңдесі жоқ музыкалық жоқтау. Реквием...
Сахналық нұсқа - Әлия Бөпежанова,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссер - Әубәкір Рахимов,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердың ассистенті - Бекжан Тұрыс
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші - Мұрат Сапаров
Композиторы - Бейбіт Дәлденбаев
Балетмейстер - Гюзель Мұхамеджанова
Режиссердің көмекшісі - Батырбек Әбдіков
Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Үлкен зал)
Уақыт: 29-30 қараша, 2017 жыл.
Басталуы: 18.30 да
дереккөз: auezov-theatre.kz