Астаналық KADMII суретшілер тобы «EsilArt» ҚҚ-мен бірлесіп, суретші Бақыт Бүбіқанованы қолдау үшін Алматы қаласында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қайырымдылық көрмесін өткізеді.
Бақыт Бүбіқанова – қазіргі заман өнерінің суретшісі. Ол барынша түрлі шығармашылық жобаларға қатысып келеді. Қазір Бақыт ауыр дертпен күресуде. Бұрын басталған емін шет елде одан әрі жалғастыру үшін оған 20 000 еуро керек болып тұр. Бақытқа көмектесуге ниет еткен әрбір адам шамасы келгенше үлес қосуына болады. KADMII тобының мүшелері Бақыттың дерттен айығып, қатарға қосылып кететініне, әлі де талай биік асулардан өтетініне кәміл сенімді. Сатылған суреттерден түскен қаражаттың 50 %-ы Бақыттың есебіне аудурылады.
KADMII суретшілер тобы 2015 жылы құрылған. Топтың қатысушылары – өздерін астаналық іс-шараларға белсене қатысуымен өздерін көрсеті жүрген, қалалық, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері, мемлекеттік наградалар мен сыйлықтардың жеңімпаздары болған суретшілер.
Осы жобаға қатысатын суретшілер: Наталья Лигай, Гүлмарал Тәтібаева, Бейбіт Әсемқұл, Диана Бағашар, Әлия Қаныбекова, Жеңіс Молдабеков. Бұл – Диана Бағашардың алғашқы көрмесі. Ол көрермендер назарына түспен және фактурамен батыл эксперимент жасаған абстрактылы кескіндемесін ұсынады. Тұтастай алғанда, «UPDATE» көрмесінде заманауи интерьерлік кескіндеме және сәнді-қолданбалы өнер туындылары – коллаждар, киіз паннолар, сондай-ақ аралас техникада орындалған жұмыстар бар – бәрі 50-ге тарта жұмыс қойылатын болады.
Көрменің атауы жаңарудың, жаңғырудың көп қырлы ұғымына келіп саяды. Бізге бүкіл өмір бойы түрлі күрделі кеезңдерден өтіп, соған төтеп беруімізге тура келеді, соның арқасында біз нығая түсеміз, сөйтіп баға жетпес тәжірибе жинап, өзіміздің білім-танымымызды кеңейте түсеміз. Жаңару процесі рухани өміріміздің бір бөлшегі екені аян. Табиғаттың өзі жыл сайын жаңарып отырады, онда болып жатқан құбылыстар да қатаң түрде табиғаттың ырғағына бағынып, кезеңімен болып жатады. Әрбір суретші өзінше осы даму құбылыстарын өзінше бейнелеп көрсетуге тырысады. Жаңару дегеніміз – қиын ждағдайлардан шыға білу, күш-қуаттың құйылуы, жаңа идеялардың туып, олардың жүзеге асуы.
Суретшілер музей басшылығы мен қызметкерлеріне осы көрмені тегін өткізуге мүмкіндік бергеніне алғысын білдіреді.
Біз Бақытқа шын жүректен зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз!
Көрме 2019 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.