Алматыда “I am me” атты фото-көрме ашылды

22-24 ақпан күндері, Алматы қаласында BLVD group журналының қолдауымен фотограф Бауыржан Бисильдиннің “I am me” атты алғашқы көрмесі ашылды.
Алматыда “I am me” атты фото-көрме ашылды

Бұл 9 батыл жастың, 9 түрлі шынайы оқиғасын сурет арқылы бейнеленген фото-көрме.

Көрменің мақсаты 9 адамның  өзіндік ерекшеліктері көрсетілген суреттер арқылы адамдарға өзін-өзі қабылдауға қолдау көрсету. Әр суреттің жанында бейнеленген кейіпкердің өзінің бойында қабылдай алмай жүрген сыртқы келбеті жайындағы комплексі жазылған.

Лера атты кейіпкер: «көп жағдайда адамдар көзімнің түсі екі түрлі екенін бірден байқамайды. Бұрын бұл үшін ұялатынмын, ал қазір өзімді  қабылдадым. Өзімді жақсы көремін» - деп жазған.

«Арық болғанымнан және омырауымның кішкентайлығынан мектепте мені тақтай деп мазақтайтын. Мұнда тұрған ешнәрсе жоқ, мен өзімді қабылдадым. Осындай екенімді бәрі білсін» - Гүлдана.

«Денсаулығыма қандай зардап келтіретінін біле тұра, менің басты мақсатым - артық салмақтан құтылу еді. Кейіннен дене бітімім қандай болғанына қарамастан, ғажайып нәрселерді істей алатынымды түсіндім»,- Катя.

Табиғаттың берген сұлулығын өзгертемін деп табиғатты ренжітіп алмаймыз ба? Пластикалық оталар жасату, әркімнің қолынан келе беретін, заманауи ғасырда, бұл 9 адамның батылдығын айрықша атап кетуге болады. Түзетілген омыртқалар мен үлкейтілген еріндердің арасында табиғи шынайлылықты сәнге айналдыруға тырысып жүрген жастардың жұмыстары көпшілік арасында жақсы қолдауға ие болды. Ал сенің шынайы болуға батылың жете ме?