«Аладдин» фильмі қазақ тілінде шығады

Қазақ тіліне дубляждалған 29-ыншы голливудтық фильм үлкен прокатқа шығады.
 «Аладдин» фильмі қазақ тілінде шығады

2019 жылғы 23 мамырда, отандық кинопрокатқа «Аладдин» фильмі қазақ тілінде шығады. Дубляж «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасы бойынша «Aray Media Group» студиясымен серіктестікте «Өзіңнен баста» жобасы аясында жүзеге асырылды. Дубляж демеушісі: BI Group.

Синопсис:
Аладдин атты жас ұры Жасмин ханшайымға үйлену үшін ханзада болғысы келеді. Ал Аграба уәзірі Джафар қаланы басып алғысы келіп, ғажайыптар үңгірінде сақтаулы тұрған сиқырлы шамды алуға тырысып бағуда. Ол үңгірге тек жүрегі таза, «қырланбаған алмаз» деп аталатын адам ғана кіре алады. Және бұндай адам – дәл осы Аладдиннің өзі.

Фильмдегі Джафардың рөлін дубляждаушы - Нұрлан Әлімжан, Жынның рөлін дубляждаушы - Дәурен Серғазин. Сондай-ақ, рөлдерді дубляждағандар: Айсұлтан Жәлиев (Аладдин), Шехназа Қызыханова (Жасмин), Арай Омарова (Далия), Тілектес Мейрамов (Сұлтан), Жанат Оспанов (Андрес ханзада), Нартай Сауданбек (Хакім).

 

[embed]

[/embed]