Post Drama Weekend аясында «Жылымық» спектаклінің алғашқы қойылымы өтеді.

POST DRAMA WEEKEND аясында қазақстандық жетекші жас режиссерлардың бірі Фархад Молдағалиевтің (Петропавл қаласы) «Жылымық» атты спектаклінің алғашқы қойылымы өтеді.
Post Drama Weekend аясында «Жылымық» спектаклінің алғашқы қойылымы өтеді.

ЖЫЛЫМЫҚ

Алғашқы қойылымы: 26 қазан

Режиссер: Фархад Молдағали, Петропавл, Қазақстан

Жанр: көркем радиохабар

Ұзақтығы: 60 минут

Жас санаты: 16+

«Жылымық» - бұл қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің аттас әңгімесіне негізделген көркемдік радиохабар. Дыбыстың әртүрлі деңгейлері мен дыбыс колонкаларының орналасуын пайдалана отырып, режиссер кейіпкерлердің жан дүниесінің күйін келтіреді. Сахнадағы актерлер музыкаға, дауысқа және сол күйге бағына жүріп, пластикалық сурет қалпында күй кешеді. Қойылымға арнайы композициялар да дайындалған - соқпа, клавиша, гитара, скрипка мен сыбызғының жанды дыбыстары спектакльдің жүрек қағысы болып естіледі.

Оралхан Бөкей - аса көрнекті жазушы, драматург, КСРО, Қазақстан жазушылар одақтарының мүшесі. Ол - бейғам және мелодрамалық эффектілерді пайдаланбауға тырысатын қатал автор. Жазушының шығармаларын орыс тіліне Ю.Домбровский мен Г.Бельгер аударған.

Оның «Жылымық» атты әңгімесі сахнада алғаш рет қойылатын болады. Бас-аяғына дейін көрсетілген адамның жан азабы, өмірдің тағдыр-тәлкегі сияқты драматизмге толы тақырыптар сүйектен өтеді. Бұл Оралхан Бөкейдің барлық туындыларына тән дүние еді.

Спектакль қазақ тілінде беріледі.

 

Сізге қызық болуы мүмкін: