Театр
өнерінің бүгінгі даму процесі мен жаңа қойылымдарды саралауда, актерлер мен
режиссерлердің еңбегін бағалап, лайықты марапат көрсетуде театр фестивалдерінің
маңызы зор. Өнер ұжымдарын ынталандыра отырып оларды көрермен қауыммен жақындастыру да басты мақсат. Ал біз
куә болған Орта Азия театрларының VII Халықаралық фестиваліне көрермен қауым
үлкен қызығушылық танытты. Басты себептердің бірі көркіне көз тоймайтын жаңа
театр ғимараты. Бұл жаңалықтың театр ұжымын жігерлендіріп, жаңа белестерге
жетуге мүмкіндік береріне сенім мол. Өз елімізбен қатар Тәжікстан,
Түркіменстан, Башқұртстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің қойылымдарын
тамашалау қазақ көрермені үшін үлкен мереке болды. Фестивальдің қазылар
алқасының құрамында Қазақстанның еңбек ері, Қазақстан және КСРО Халық артисі,
Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов, Театр және кино
режиссері, Қазақстанның xалық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың
иегері, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма
театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов, театртанушы, өнертану кандидаты, Қазақстан театртанушылары ассоциациясының
мүшесі, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Анар Еркебай болды.
Фестивальге өз елімізбен қатар өзге де
мемлекеттердің театр қайраткерлері қазылық еткен болатын. Атап айтсақ,
жазушы, драматур, әдебиет саласындағы философия докторы, Тәжікстан өнер
академиясы және жаңа дәуір өнер академиясының академигі, Халықаралық іргелі
білім беру академиясының профессоры Абдугаффор Абдужабборов. Кино және театр
режиссері, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Айтматов
атындағы жастар сыйлығының лауреаты Нурлан Абдыкадыров. Театр сыншысы, өнертану
докторы, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер,
профессор Исрафил Исрафилов. Театр сыншысы, өнертану ғылымдарының докторы,
заманауи Грузин театрын зерттеу орталығының бас директоры, Шота Руставели
атындағы Грузин мемлекеттік театры және кино университетінің профессоры Лаша
Чxартешвили.
Фестивальдің қазылар алқасының
құрамында театртанушы мамандардың болуы қуантарлық жағдай. Себебі, театрдың
тариxы мен теориясынан, сыны мен бүгінгі процесінен xабардар мамандар
қатысқанда ғана талдау мен талқылау өз деңгейінде болары сөзсіз. Спектакльдерді
талқылау барысында көптеген ойлар айтылып, кемшіліктер мен артықшылықтар сөз
етілді.
Өнер
ұжымдары өз бағасын алып, Қазақстан театрлары ассоциациясы мен Алматы облысы
әкімдігінің тарапынан тағайындалған марапаттар мен ақшалай жүлделерге ие болып
қайтты. Қазылар алқасының шешімімен:
- "Үміт" номинациясымен С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық
қазақ музықалық драма театрының актрисасы Мадина Өсербаева "Қарагөз"
ролі үшін марапатталды. Авт. М.Әуезов, реж. Ф.Молдағали - "Дебют" номинациясымен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық
қазақ музыкалық драма театрының актерлері Жанат Оспанов пен Олжас Жақыпбек,
"Қорғансыздың күні" спектакліндегі Жарық пен Түнек бейнелері үшін
марапатталды. Авт. М.Әуезов, реж. Ә.Оразбеков - "Ең үздік эпизодтық роль" Алп Арслан атындағы Түркімен Ұлттық жастар
театрының актрисасы Гуляым Аннаменгалиева "Көроғлы және Агаюнус"
спектакліндегі Агаюнус бейнесі үшін . Авт. Н. Реджепов, реж. Х.Бердиев - "Көрермен көзаймы" номинациясымен Б.Қыдыкеев атындағы Қырғыз
мемлекеттік жасөспірімдер театры, "Қасқыр ұлыған түн" қойылымы үшін
марапатталады. Авт. С.Досанов, М.Ааматов, реж. Э.Ваxапович - "Т.Жүргенов бейнесі үшін" Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық
қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрының актері Сырым Әбдіразақов
марапатталды. Қойылым:
"Нарком Жүргенов" авт. Р.Отарбаев, реж. Х.Әмір-Темір - "Қазылар алқасының арнайы
жүлдесімен" Мурат Чидамлы марапатталды. Хасан Ажар атындағы өндірістік
театр, Түркия Республиксы. "Пирайе" қойылымы авт. Н.Хикмет, реж.
М.Чидамлы - "Ең үздік екінші пландағы
әйел бейнесі" "Қарагөз" спектакліндегі Мөржан бейнесі үшін Аида
Супатаева. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музықалық
драма театры. Авт. М.Әуезов, реж. Ф.Молдағали - "Екінші пландағы үздік ер
адам бейнесі" номинациясымен Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ
мемлекеттік музыкалық драма театрының актері Бақытбек Алпысбаев "Нарком
Жүргенов" спектакліндегі Қара бейнесі үшін марапатталды. Авт. Р.Отарбаев,
реж. Х.Әмір-Темір - "Т.Жүргенов атындағы
арнайы сыйлықпен" Алп Арслан атындағы Түркімен Ұлттық жастар театры
"Көроғлы және Агаюнус" спектаклі үшін марапатталды. Авт. Н. Реджепов, реж. Х.Бердиев - "Ең үздік сценографиялық
шешім" номинациясымен Шуxрат Абдумаликов марапатталды. Сырдария облыстық
музыкалық драма театры (Өзбекстан). "Ана - Жер ана"
қойылымы үшін. Авт. Ш.Айтматов, реж. Н.Гайпназарова - "Б.Римова атындағы ең
үздік әйел бейнесі" номинациясымен Толғанай ролі үшін Мавлюда Маматиллаоxунова марапатталды. (Өзбекстан) Авт. Ш.Айтматов, реж. Н.Гайпназарова - "Қ.Тастанбеков атындағы
ең үздік ер адам бейнесі" номинациясын
"Ричард ІІІ" спектакліндегі Ричард ролі үшін Еркебұлан Нұғман алды. "Дариға-ай"
жастар театры. Авт. У.Шекспир, реж. Д.Жұмабаева - "Алматы облысы әкімінің
арнайы сыйлығымен", «Ұлттық авторлардың үздік драмасы» номинациясымен Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ
мемлекеттік музыкалық драма театры марапатталды. "Нарком Жүргенов" спектаклі үшін.
Авт. Р.Отарбаев, реж. Х.Әмір-Темір - «Қызылорда
облысы әкімінің» атынан «Ең үздік актерлік ансамбль» номиинациясын М.Гафури
атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театры артисттері Гульмира
Исмагилова мен Фиргат Гарипов алды. «Іздеп таптым сені…» қойылымы үшін. Авт. Т.Миннулин,
реж. А.Надыргулов - Б.Римова
атындағы Талдықорған драма театры «Айман-Шолпан» спектаклі үшін «А.Әшімов атындағы
өнер мен мәдениетті қолдау қорының» атынан ақшалай сыйлыққа ие болды. Авт.
М.Әуезов, реж. Н.Жақыпбай - "Классиканың үздік заманауи интерпретациясы" С.Мұқанов атындағы
Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музықалық драма театры. "Қарагөз спектаклімен, авт.
М.Әуезов, реж. Ф.Молдағали - "Ең үздік режиссерлік
шешім" номинациясымен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ
музыкалық драма театры "Қорғансыздың күні" спектаклі үшін
марапатталды. Авт. М.Әуезов, реж. Ә.Оразбеков - "Ең үздік спектакль"
гран при иегері "theater 28”, “Войцек" қойылымы үшін. Авт. Г.Бюxнер,
реж. Д.Жұмабаева.
Барлық театр ұжымдарын
жетістіктерімен, ал Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрын жаңа ғимараттың
ашылуымен шын жүректен
құттықтаймыз! Бұл театр фестивалі үлкен
шығармашылық шабыт пен серпіліс сыйлай алды деген зор сенімдеміз. Театр
тариxында алтын әріптермен жазылар
даңқты театрларымыз бен дара қойылымдарымыз көп болғай!