Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен
«Қазақфильм» киностудиясының басшысы Бахыт Қайырбеков, сондай-ақ киностудияның
т.б қызметкерлері Наталья Чернова, Ұлбөпе Шалабаева және Александр Холодов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25
жыл» атты мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.
Сондай-ақ, аталмыш марапат еліміздің егемендігі мен әлеуметтік-экономикалық
дамуына, мемлекеттілікті құру үшін елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары мен
шетел азаматтарына беріледі.
Сонымен қатар, мәдени және әлеуметтік іс
–шараларға қомақты үлес қосқан үшін «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Серік
Жұбандықов, режиссерлар Рүстем
Әбдірашев пен Сатыбалды Текеев – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әлеуметтік және қоғамдық іс-шараларға,
еліміздің экономикалық және
мәдени дамуына, халықтар достығы мен түсіністікті нығайту жолында ерен еңбек
еткені үшін, атақты актер Құман Тастанбеков пен Димаш Ахимов, продюсер Тасболат
Мерекенов - елбасымыздың атынан берілген
«Парасат» орденімен марапатталды.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне ресейлік
кинематографист, «Так сложились звезды» фильмінің режиссері Сергей Снежкин қол
жеткізді.
Сонымен қатар, қоғамдағы жемісті еңбегі
үшін дыбыс режиссері Руслан Сакиев «Eрен еңбегі үшін»
медалімен, Берік Айтжанов және Алдабек Шалбаев, режиссерлар
- Ермек Тұрсынов пен Ардақ Әмірқұлов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
атағына ие болды.