Қ.Көбентай мен Е.Қайырханның Тәуелсіздік мерекесіне арнаған ән кеші өтеді

16 желтоқсан, сағат 17.00-де, Жазушылар Одағының залында "Сені сүю..." атты ән кеші өтеді.
Қ.Көбентай мен Е.Қайырханның Тәуелсіздік мерекесіне арнаған ән кеші өтеді

Белгілі композитор, әнші, сатира саңлағы Қадырғали Көбентай әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын "Сені сүю..." атты ән кешіне шақыратынын жазды.

 

"Армысыздар, ардақты да асыл, таза өнерді бағалай білетін жаны жайсаң жақсы жандар! М е й р а м д а р ы ң ы з б е н! "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек.." дегендей, алдымыздағы мерекеде, яғни, 16 желтоқсан күні, сағат 17.00-де, Жазушылар Одағының залында өтетін "Сені сүю..." кеші де өзгеше, дені жаңа дүниелер болмақ!
Сіздер Тыныштықбек көкемнен бастап, Ұлықбек көкемнің, Әбділда Аймақ ағамның, Маралтай досымның, Гүлнәр Салықбаева, Алия Даулетбаева, Айдана Сегізбаева, Айдана АхметИндира КерееваМақпал МысаМергул АсылхановаПеризат ЖаңғлышбаеваАсылай Ниязбаева, Есей Жеңісұлы, Almat IsadilovЖанар Айлашова, т.б.. ақындардың өлеңдеріне жазылған жаңа әндерге, іріктелген поэзияға сусындап, қанып қайтасыздар!
Мәнді де мағыналы, айтары бар салиқалы кеште кездесейік!
Ұлы мәртебелі, саф өнерді бағалай білетін көрерменге құрметпен:

Ершат Кайырхан,

Қадырғали Көбентай!"