Францияда өткен XXVI Везул кинофестивалінде (Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas/Festival International des Cinémas d'Asie de Vesoul) Шарипа Оразбаева «Мариям» фильмі үшін Бас жүлде «Le Cyclo d’OR» жеңіп алды. Фестиваль тарихында тұңғыш рет бас жүлдені әйел режиссер алды.
Фестиваль ұйымдастырушысы Жан-Марк Теруан:
- Фестивальдің 26 жылдық тарихында Le Cyclo d’OR бірінші рет әйел режиссерге берілді. Шарипа Оразбаеваның «Мариям» фильмі үшін алған жүлдесі қазақ кинематографының күшіне қайта енуінің дәлелі болып табылады. Режиссер төрт баламен жалғыз қалған әйелдің портретін салған. Күйеуі Ресейге жұмысқа кеткеннен із-түссіз жоғалған. Бұл әлеуметтік өлім. Режиссерде эллипс өнерін меңгерген. Ол кино тілімен баяндап, сөздерді үнемдейді. Бұл өте керемет – деп ерекше ықыласын білдірді.
Картина осыған дейін Локарно, Торонто, Бусан, Түркия және Испания көрермендеріне ұсынылған болатын. Ал Қазақстандағы тұсаукесері VIII Бастау Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің ашылуында болған еді. Сондай-ақ, өткен аптада Қазақстан киносыншылар ассоциацияның ұйымдастыруымен «Арман» кинотеатрында өткен «Қазақстан киносының фестивалдік үздіктері» бағдарламасында көрсетілді. Алдағы уақытта фильмді Италия, Жапония және Германия көрермендері тамашалауға мүмкіндік алады.
- Қоюшы-режиссері: Шарипа Уразбаева
- Қоюшы-операторы: Самат Шарипов
- Қоюшы-суретші: Нурболат Жапаков
- Продюсерлері: Шарипа Уразбаева, Анна Качко
- Дыбыс режиссері: Дмитрий Пушкарюк
- Рөлдерде: Меруерт Саббусинова, Алмас Бектібаев, Хамза Көксебек, Дамир Бақтыбайұлы, Едіге Ахмет.
Шынайы оқиғаға негізделген «Мариям» фильмі күйеуі іс-түссіз жоғалып кеткен төрт баланың анасы туралы баяндайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтере білген басты кейіпкер ауыр шешімдер қабылдауға мәжбүр болып, өз-өзін тануға тырысады.
Шарипа Оразбаева
Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кино режиссері» мамандығын (Болат Қалымбетов шеберханасы, 2010), «Кино және ТВ режиссерлерінің жоғарғы курсы» мамандығын (И.Квирикадзе шеберханасы, 2013) тәмамдаған. Лиссабондағы фильм өндірісі технологиясынан халықаралық тәжірибесінен өткен (2013). 2019 жылы PhD ғылыми атағын алды.
Фильмография:
- 2012 – Бастау (Қазақстан)
- 2013 – Boomerang (Қазақстан)
- 2013 – Мими (Қазақстан)
- 2014 – Эго (Қазақстан)
- 2016 – Картоп жегіштер (Қазақстан)
- 2019 – Мариям (Қазақстан, Германия)
Фестивальдер мен жүлделері:
- Канн ХКФ, «Short Film Corner» бағдарламасы – Бастау, қатысушы (Канн, Франция, 2013);
- Авторлық фильмдер кинофестивалі – Бастау, қатысушы (Бішкек, Қырғызстан, 2013);
- No Time Left Festival – Бастау, конкурс (Париж, Франция, 2013);
- Бұл Мен – Бастау, «Үздік фильм» (Ереван, Армения, 2014);
- Encounter ХКФ – Бастау, конкурс (Бристол, Ұлыбритания, 2014);
- Акбузат ХКФ – Бастау, конкурс (Уфа, Башқұртстан, РФ, 2014);
- 8th Athens International Short Film Festival Psarokokalo – Эго, конкурс (Грекия, 2014);
- FlEX Intnational Film Festival – Эго, конкурс (Аустралия, 2014);
- 8th Varesh Intnational Film Festival – Бастау, «Үздік экспериментал фильм» (Иран, 2015);
- Baiqonyr Short Film Festival – Картоп жегіштер, «Бас жүлде» (Алматы, 2016);
- Еуразия ХКФ – Картоп жегіштер, конкурс (Алматы, 2016);
- Reggio Film Festival – Картоп жегіштер, конкурс (Италия, 2016);
- 72-Locarno International Film Festival – Мариям, конкурс (Локарно, Швейцария, 2019);
- Toronto International Film Festival – Мариям, Америкалық тұсаукесер (Торонто, Канада, 2019);
- Busan International Film Festival – Мариям, Азиялық тұсаукесер (Бусан, Корея Республикасы, 2019);
- International Bosphorus Film Festival – Мариям, конкурс (Стамбұл, Түркия, 2019);
- Fical International Film Festival – Мариям, конкурс (Әлмерия, Испания, 2019);
- Cineuropa 33 Film Festival – Мариям, конкурс (Сантьяго, Испания, 2019);
- VIII Бастау Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі – Мариям, «Қазылар алқасы жүлдесі» (Алматы, 2019);
- Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas – Мариям, Бас жүлде «Le Cyclo d’OR» (Везул, Франция, 2020);
Жоспарланған кинофестивальдері:
- Bergamo Film Meeting – Мариям, конкурс (Бергамо, Италия, 7-15 наурыз, 2020);
- Osaka Asian Film Festival – Мариям, Spotlight section бағдарламасы, (Жапон тұсаукесері) (Осака, Жапония, 6-12 наурыз, 2020);
- International Debut Feature Film Competition for Women Directors – Мариям, конкурс (Германия, 24-29 наурыз, 2020)