"Бастау - 2019" кинофестивалінің ашылуында "Мариям" фильмі көрсетіледі

VIII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің ашылу салтанатында әлемдегі көптеген беделді халықаралық кинофестивальдерге қатысып жүрген отандық режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мариям» атты дебюттік фильмі көрсетіледі.
"Бастау - 2019" кинофестивалінің ашылуында "Мариям" фильмі көрсетіледі

VIII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің ашылу салтанатында әлемдегі көптеген беделді халықаралық кинофестивальдерге қатысып жүрген режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мариям» атты дебюттік фильмі көрсетіледі.

Бұл тырнақалды кинотуынды фестивальдің BASTAU DEBUTS атты дебюттік толықметрлі көркем фильмдерга арналған негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады.

Ал фильмнің режиссері Шарипа Оразбаева BASTAU SHORTS  атты халықаралық қысқаметрлі фильмдер байқауында қазылар алқасының құрамында үздіктерді анықтайтын болады.

Шынайы оқиғаға негізделген «Мариям» фильмі күйеуі іс-түссіз жоғалып кеткен төрт баланың анасы туралы баяндайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтере білген басты кейіпкер ауыр шешімдер қабылдауға мәжбүр болып, өз-өзін тануға тырысады.

Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің ашылу салтанаты 2019 жылы 3 желтоқсан, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

Басталуы сағат 19.00-де. Кіру тегін.