Аталмыш көрмеге жақын және алыс шетелдерден (Ресей, Чехия, Болгария, Германия), сондай-ақ Қазақстанның – Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларынан 40-тан астам суретшілер қатысады. Көрмеде бейнелеу және қолданбалы өнердің барлық түрлері мен жанрларын көрсететін туындылар: пейзаждар, натюрморттар, сюжеттік композициялар, панно (кескіндеме, керамика, графика және т. б.) ұсынылады.
Суретшілер туындыларында Қазақстанның тарихы мен дәстүрлі мәдениетіне жүгіну бар. Заманауи суретшілер көркемөнер саласына киелі тұрмыс-салт элементтерін - тарих пен ежелгі ғұрыптарды, нанымдарды, петроглифтерді, нышан-белгілерді, ата-әжелердің образдарын, тарихи дәуірлердегі халық батырларының бейнесі арқылы түсіндірме сюжеттер енгізеді. Ресей, Чехия, Болгария және Германия суретшілерінің шығармашылық көзқарастары да ерекше қызық. Туындыларында трансцендентальды әлем, сұлулық және табиғат үйлесімі тақырыптары бейнеленген. Әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан, осынау қиын уақытта бүкіл әлем суретшілері мен кескіндемешілері бітімгершілік пен жақсылық нұрын, табиғат, махаббат, бақыт, өмір мен өлім, өткен, қазіргі және келешек философиясын бейнелейтін керемет туындыларын жасауда.
Көрменің символы – мәңгілік — уақыт, табиғат және адамның ажырамас бірлігі, адамның рухани бастамасының тұрақтылығын бекіту, тоқтаусыз даму, шығармашылық және жасампаздық элементтері – осының бәрін қазақстандық және шетел суретшілерінің жұмыстарынан көруге болады.
Экспозицияға 80-нен астам жұмыс қойылған. Көрме 2021 жылдың 28 наурызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Лидия Дроздова, Марлан Нысанбаев