Еркін пікір алаңы. Vol.1.

Нұр-Сұлтан қаласының театр жастары алғаш рет өнер кеңістігінде бас қосты
Еркін пікір алаңы. Vol.1.

«QALLEKI» лабораториясы  – жастардың театр саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтетін өнер кеңістігі.  Зертхананың мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. Олар өзіндік жұмыстар жасаумен, қатар зертхана негізінде бірлескен жобаларды құру мақсатында режиссерлермен, драматургтермен, хореографтармен ынтымақтастық мүмкіндігіне ие.

Мамырдың 25-і күні «QALLEKI» өнер кеңістігінде Нұр-Сұлтан қаласының театр жастары Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасын Қаллеки жастарының сахналауында тамашалады. Спектакльдің жабық көрсетілімінен соң, Қ.Қыстықбай, Н.Өтеуіл, С.Тоқманғалиева, Е.Жұматаев, Н.Әлібек, Е.Егеубаева, Ә.Бидахмет, Ж.Төлеген, Н.Серікболқызы, Р.Бақытбек, Д.Туранов, Г.Зияудин, А.Гумаров, Д.Байғожаев, Е.Жаңатілек, Қ.Аманжол, А.Шалғымбаева, М.Әбіл ойларымен бөлісті. Ұйымдастырушы-модераторлар: Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен түлектері.


Мынау жер мен көктің арасында адассақ – адасайық. Адамдар адасу арқылы бір-бірін тауып, бір-біріне сүйеуші болады да. Әлде сіз жол нұсқайтын, жөн нұсқайтын бағыт-бағдаршы боларсыз; әй, қолыңыздан келмес; өйткені сіз де адасып жүрсіз...

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының лабораториясы театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбайдың қолдауымен 2021 жылы сәуір айының 30-шы жұлдызы ашылды.

«QALLEKI» театр лабораториясы

Оралхан  Бөкей
«ҰЙҚЫМ  КЕЛМЕЙДІ»
/драма/

Қоюшы режиссер – Бәзіл Сұлтанғазы
Хореограф – Сағыныш Нұрхайдарова

Рөлдерде:
1. Ерсін Айтмұқаш - актер
2. Ануар Бектас - актер
3. Ақжан Құрмашева - актриса
4. Нұрия Бөкенбаева - актриса
5. Динара Егубаева - актриса
6. Айдана Әбенова - актриса
7. Сағыныш Нұрқайдарова - актриса
8. Ұлжан Оразаева- актриса

Музыкамен көркемдеуші  –  Айша Сырымбаева, Маржан-Нұр Макибаева,  Сұлтан Тұрсынбеков