Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сны реки» («Өзеннің түстері») атты көркем-деректі фильм түсірмек. Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен іске асырылады. Қоюшы-режиссер қызметінде Кристина Михайлова, продюсер Дина Сәбитова.
Кинотуынды Алматы облысындағы қарапайым өзендердің бірі - Ақсай өзені туралы баяндайды. Бұл Ақсай өзенінің кеңістігін зерттейтін эксперименттік жанрдағы гибридтік фильм болмақ.
Бүгінде жоба бірнеше аймақтық питчингтердің жеңімпазы атанды, соның ішінде Internews және New Talents Caucasus and Central Asia Pitching International Documentary Film Festival CinéDOC-Tbilisi «Doc форматы» бар. Сондай-ақ, жоба Qara Film Festival қазақстандық деректі кино фестивалінің AYT питчингінің жеңімпаздарының бірі атанды.
Фильм авторлары Германиядағы DOK Leipzig халықаралық деректі кино фестивалінің DOK Co-Pro Market өнімдер нарығының алғашқы қатысушылары. Картинаның режиссері Кристина Михайлова Women CIRCLE халықаралық бағдарламасының Қазақстан атынан қатысатын алғашқы жас режиссер. Бағдарлама Сербия, Хорватия және Италия елдерінде үш модульде ұсынылады.
Қазір киностудияда аталмыш көркем-деректі фильмнің түсірілімі бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Түсірілім қыркүйек айының соңында басталады.