Халықаралық Берлин кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Халықаралық Берлин кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.
Халықаралық Берлин кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Германия астанасында осымен 67-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық Берлин кинофестивалі өз мәресіне жетті.  Дәстүр бойынша әр жылдың екінші айында болатын кинофестиваль биыл 9-19 ақпан аралығында өткізіліп отыр. Әлемдік беделді кино мерекенің соңы жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімімен аяқталды.

Фестивальдің Гран-при жүлдесі Сенегалдық режиссер Ален Гомистің «Фелисите» фильміне бұйырды. «Алтын аю» бас жүлдесімен Венгриялық Ильдико Эньедидің «Тән мен жан хақында» («On Body and Soul») мелодрамасы марапатталса, «Үміттің өзге жағы» («The Other Side of Hope») фильмімен келген финляндиялық Аки Каурисмяки үздік режиссурасы үші «Күміс аю» жүлдесін жеңіп алды.

Үздік актриса атағы «Жағажайдағы түнгі жалғыздық» («On the Beach at Night Alone») фильміндегі рөлі үшін Ким Мин Хиге (Оңтүстік Корея) берілсе, үздік актер атағы «Жарық түндер» («Bright Nights») фильміндегі рөлі үшін Георг Фридрихке (Астралия) бұйырды.

Әділқазылар алқасы үздік сценарий номинациясы бойынша Себастьян Лелио мен Гонсало Масаның «Фантастик әйел» («A Fantastic Woman») фильмін жеңімпаз деп таныпты. Ең перспективалы көркем фильм ретінде Берлин фествалының негізін қалаушы Альфред Бауэр атындағы арнайы силықты «Із» («Spoor») фильмімен Агнешка Холланд (Польша) иеленді. Ал Украина мен Германияның бірлескен жобасы Элизавета Смит пен Георг Женоның «№ 3 мектеп»(«Школа номер 3») деректі фильмі «буын 14+» («Generation 14+») программасы бойынша Гран-при иегері атанды.

Мәлімет www.kinostan.kz сайтынан алынды

Айжан ЕСЕНГЕЛДІ