2-наурыз күні сағат 15:00-де М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жас ғалымдар ұйымы мен "Театр және кино" бөлімінің ұйымдастыруымен "Бүгінгі жастар киносының жаңа сипаты: бағыттар мен ізденістер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.
Дөңгелек үстелге Гүлнар Әбікеева, Дәрежан Өмірбаев, Гүлжан Наурызбекова, Молдияр Ергебеков, Гүлнар Мүрсәлімова, Гүлзат Көбек, Баубек Нөгербек, Әділхан Ержанов, Серік Әбішев, Жасұлан Пошанов, Ренат Қосай сынды кино мамандары және Төлеген Байтөкенов, Кәрім Қадырбаев сынды бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші журналистері шақырылып отыр. Сонымен бірге, әлемдік кинофестивальдерде үздік жұмыстарымен көзге түсіп жүрген жас кинематографисттер, атап айтқанда, Елзат Ескендір, Берік Жаханов, Шарипа Оразбаева, Дархан Төлегенов қатысады. Басқосуда бүгінгі жас режиссерлердің туындылары мен олардың ұстанған бағыт-бағдары талқыланады.
Дөгелек үстелдің мақсаты - бүгінгі жастар киносының даму үрдістері мен жас кинематографисттердің ұстанған бағыт-бағдарын анықтау; олардың түсірген фильмдерін әлемдік тәжірибе бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын талқылау.
Модераторы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті Уалихан Қалижанов.
Дөңгелек үстел бағдарламасы:
- Бірінші бөлім: видео-есеп (4 мин)
- Екінші бөлім: пікір алмасу (40-45 мин)
- Кофе-брейк
- Үздік фильм көрсетілімі: "Шакал" (реж. А.Сейітов) қысқаметрлі фильмі (7 мин)
Өтетін орны:
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. (Құрманғазы 29. 2-қабат, мәжіліс залы)