«Театр көктемі-2017» фестивалінің жүлдегерлері анықталды

2017 жылдың 13-18 наурыз күндері өтетін Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша БӨКЕЕВАның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» атты фестиваль мәресіне жетті.
«Театр көктемі-2017» фестивалінің жүлдегерлері анықталды
фото Әуезов театры сайтынан алынды

"Театр көктемі-2017" фестивалінде 5 қойылымды және 1 өзіндік жұмысты көріп, сараптап, мұқият талқылаудан кейін қазылар алқасы мынадай қорытындыға келіп, марапаттау рәсімін өткізді,-деп хабарлайды М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері:

2017 жылдың 13-18 наурыз күндері өтетін Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша БӨКЕЕВАның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» атты фестивалінің және театрдың бір жылдық жұмысын насихаттағаны үшін төмендегі бұқаралық ақпарат қызметкерлері театр әкімшілігінің арнайы «Театр және ақпарат» жүлдесімен марапатталады:

«Вечерний Алматы» газетінің редакторы Индира Сәтбаева - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

«ҚАЗАҚСТАН» Ұлттық телеарнасының Жазира Елшібаеваға - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

«АЙҚЫН» газетінің редакторы Гүлзина Бектасоваға - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

«ТҮРКІСТАН» газетінің веб-редакторы Анар ЛЕПЕСОВАға - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

«ҚАЗАҚ ҮНІ» газетінің жауапты хатшысы Гүлмира Садықоваға - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

«Қазақ радиосы» телерадиокорпорациясының редакторы Гүлназия Молдабергеноваға - (50 000тг.) ақшалай сертификат және диплом.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған театр әкімшілігі ұсынған қаржы көлемінде төмендегідей жүлделер және оның иегерлері анықталады:

2017 жылдың 13-18 наурыз күндері өтетін Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша БӨКЕЕВАның 100 жылдығына арналған «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2017» атты фестивалінің арнайы жүлделерін төмендегі шығармашылық қызметкерлер жеңіп алды:

«Балғын талант» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Сәлім шалға ілесіп жүретін бала ролі үшін Аян Бекжанға – диплом және ақшалай сертификат.

«Тұсаукесер» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахмет ақын ролі үшін Абзалбек Максимге – диплом және ақшалай сертификат.

«Тұсаукесер» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахиконың әкесі ролі үшін Аян Өтепбергенге – диплом және ақшалай сертификат.

«Көрермен көзайымы» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы І-ші Тергеуші ролі үшін Жанат Тинбаевқа – диплом және ақшалай сертификат.

«Көрермен көзайымы» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Тұтқындағы әйел ролі үшін Айзада Сатыбалдиеваға – диплом және ақшалай сертификат.

«Үміт» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Люба – украин қызы ролі үшін Ляйля Тлеуоваға – диплом және ақшалай сертификат.

«Үміт» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Ауылбасының ұлы ролі үшін Мерей Мұхтарұлына – диплом және ақшалай сертификат.

«Үміт» жүлдесі «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымындағы Сердәлі ролі үшін Қайрат Нәбиоллаға – диплом және ақшалай сертификат.

«Үміт» жүлдесі «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымындағы Сейіт ролі үшін Қуаныш Бейсағалиевқа – диплом және ақшалай сертификат.

Шығармашылық өзіндік жұмыстары үшін «Өзіндік жұмысы үшін» («Адам дауысы» қойылымы) Дәрия Жүсіпке – диплом және ақшалай сертификат.

«Есте қалар кейіпкер» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Сейфолла Оспанов ролі үшін Болат Әбділмановқа – диплом және ақшалай сертификат.

«Актерлық ізденістері үшін» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Степан ролі үшін Азамат Сатыбалдыға – диплом және ақшалай сертификат.

Шығармашылық ізденістері үшін» «Көмбе нанның дәмі» қойылымының режиссері Алма Кәкішеваға – диплом және 100 000 теңге сертификат.

«Сахналық үйлесімді жұп» жүлдесі «Ақан сері-Ақтоқты» қойылымындағы Қоңқай ролі үшін Мұрат Нұрәсіловке – диплом және ақшалай сертификат.

«Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Бақыт кілті» қойылымындағы Жынды ролі үшін Жоламан Амировке - диплом және ақшалай сертификат.

«Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Ақан сері-Ақтоқты» қойылымындағы Науан ролі үшін Бахтияр Қожаға-диплом және ақшалай сертификат.

«Сахналық ғұмыр» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Ауылбасы ролі үшін Омар Қыйқымовқа-диплом және ақшалай сертификат.

«Сахналық үйлесімді жұп» жүлдесі «Ақан сері-Ақтоқты» қойылымындағы Дәмелі ролі үшін Рахилям Машуроваға – диплом және ақшалай сертификат.

«Эпизодтық ер адам бейнесі» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Күзетші және «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Ақеділ рольдері үшін Нұрғиса Қуанышбайұлына – диплом және ақшалай сертификат.

«Эпизодтық ер адам бейнесі» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Альберт және «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Махмуд рольдері үшін Дәуір Анарбайға – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Жәмиля ролі үшін Шынар Асқароваға – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Зуһра ролі үшін Жанаргүл Жаныаманова – диплом және 75 000 теңге сертификат.

«Сахналық ансамбль» жүлдесі «Мани-мани» қойылымына – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік Режиссура» жүлдесі «Бақыт кілті» қойылымының режиссері Есмұхан Обаевқа – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік сценография» жүлдесі «Бақыт кілті» қойылымының суретшісі Мұрат Сапаровқа – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік сценография» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымының суретшісі Есенгелді Тұяқов – диплом және ақшалай сертификат.

«Қойылымдағы тарихи бейне» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ақайдың Қасені ролі үшін Бекжан Тұрыс – диплом және ақшалай сертификат.

«Екінші пландағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Түрік кемпір ролі үшін Гульнара Джакуповаға – диплом және ақшалай сертификат.

«Екінші пландағы әйел адам бейнесі» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Катя ролі үшін Жанель Макажановаға – диплом және ақшалай сертификат.

«Екінші пландағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Бақыт кілті» қойылымындағы Казаков ролі үшін Бауыржан Қаптағайға – диплом және ақшалай сертификат.

«Екінші пландағы ер адам бейнесі» жүлдесі «Көмбе нанның дәмі» қойылымындағы Неміс шал ролі үшін Азат Сейтметовке – диплом және ақшалай сертификат.

«Үздік Ер адам бейнесі» жүлдесі «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы Ахико ролі үшін Дулыға Ақмолдаға – диплом және ақшалай сертификат.