II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалінің қатысушылары анықталды

II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалінің дирекциясы қатысушылар тізімін жариялады.
II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалінің қатысушылары анықталды

II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалінің дирекциясы қатысушылар тізімін жариялады. Байқау мен байқаудан тыс бағдарламаға қатысу үшін келіп түскен 140 фильмнің ішінен 38 жұмыс іріктелді. Байқауға қатысушыларды кинотанушы Ержан Жұмабеков пен киносыншы Кәрім Қадырбаев анықтады.

"Байқоңыр" фестивалінің байқау бағдарламасына 35 фильм, ал байқаудан тыс бағдарламаға  Бегалы Шібекеевтің "Ана" және Алдияр Байрақымовтың "Сұйық тас" фильмдері қатысады. Анимациялық кино бөліміне 9 картина қатысса, деректі фильмдердің қатарында 7 таспа бар.

II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалі "Көк-Төбе" демалыс орнында 15 қыркүйек күні басталады. Шараны XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің "үздік қысқаметрлі кино" номинациясы бойынша жеңімпазы Мейіржан Сандыбайдың "Ит" анимациялық фильмі ашады.

Еске сала кетсек, "Байқоңырдың" ерекше мүсіншелері мен арнайы сыйлықтары келесі номинациялардың жеңімпаздарына табысталады: "Гран-при", "Үздік режиссер", "Үздік оператор", "Үздік қоюшы-суретші", "Үздік сценарий", "Үздік тәжірибелік фильм", "Үздік деректі фильм", "Үздік анимациялық фильм", "Үздік актриса", "Үздік актер" және "Қазылар алқасының арнайы жүлдесі". Кинофестивальдің тағы бір жаңалығы – "Қазақстандық тұсаукесер" арнайы бағдарламасы, ол жеңімпаздарды марапаттау салтанатының алдында болмақ.

II Республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысатын фильмдер:

Атауы Режиссері
1 Мен оралдым Белқожаев Жайық
2 Ностальгия сатушы Аруан Анартаев
3 Биіктіктер Юлия Салойлова
4 Мен хирургпын Шыңғыс Қаймоллаев
5 Бір күн Серік Сәрсенбаев
6 Ойна Әнел Сәтбекова
7 Бір арман Аян Бұғыбаев
8 Bury the Silence Алма Баймұратова
9 Мен саған сенемін Айша Шәймерденова
10 Көне кілем Снежанна Евтушенко
11 Достар Біткенбаева Маржан,

Серік Әбішев

12 Somnus Владислав Цой
13 КУБ Максим Қодаров
14 Мәди Бигелді Әбдібек,
Айнұр Сембиева
15 6 пәтер Олжас Ахметов
16 Көңілдес әйел Джулия Ғани
17 Малыбайдағы оқиға Самғар Рақым
18 Глитч Әлібек Өмірбеков
19 Vengeance Oil Алмас Амандосов
20 Пәтер Ербол Бораншы
21 Саз-махаббат Айгүл Ақсамбиева
22 Parallel Әлібек Әлиев
23 Шыңырау Рахымжан Қалдыкөз
24 Дос Рафаэль Абузаров
25 Ğayşa Сәбит Әбді
26 Қатал бейне Баймұрат Жұманов
27 The Boon Олжас Нұрбаев
28 Түлкі мен бөдене Қасиет Сақиолла
29 Қырандар қауымдастығы Бағдат Қожахметов
30 Қожанасыр Дудикова Анастасия
31 Тайталас Айтолқын Болғанбек
32 Бесік жыры Балнұр Маемерова
33 Сиқырлы бақша Тоғжан Байсабаева
34 The Dream Жүсіп Амангелді
35 Көне құмыра сыры Батырхан Дәуренбеков

 

Байқаудан тыс бағдарламаға қатысатын фильмдер

Атауы Режиссері
1 Ит Мейіржан Сандыбай
2 Ана Бегалы Шибикеев
3 Сұйық тас Алдияр Байрақымов

 

Дереккөз: brod.kz