"Алатау алабында" атты дәстүрлі өнер кеші өтеді

14-қыркүйек сағат 18:00 де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қала күні мерекесіне және Театрдың құрылғанына бір жыл толуына орай "АЛАТАУ АЛАБЫНДА" атты дәстүрлі өнер кеші өтеді.
"Алатау алабында" атты дәстүрлі өнер кеші өтеді

Кешке қатысатындар: Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ербол Айтбаев, Ұлжан Байбосынова, Қайрат Какымов, Гүлмира Сарина, Талғат Мұқышев, Айгүл Қосанова, Жанғали Жүзбаев, Клара Төленбаева, Батыржан Мықтыбаев, Ардақ Исатаева, Нүркен Әшіров, Эльмира Жаңабергенова, Саян Ақмолда, Жәкен Омаров, Тілеулес Құрманғалиев және Н.Тілендиев атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық "Отырар сазы" xалық аспаптар оркестрі (дирижері Мүсілім Әмзе).

"Еліміздің әр түкпірінен жиналған дәстүрлі өнер саңлақтарының мұндай біріккен концерті күнде бола бермейтіндіктен 14 қыркүйек күні "Алатау" дәстүрлі өнер театрын" бетке алыңыздар, ағайын. Сіздер үшін есігіміз айқара ашық!"-дейді Театр ұжымы.

Өтетін уақыты мен орны: 2017 жыл, 14 қыркүйек, сағ. 18:00 де. Алматы қаласы, Алғабас-1 ("Almaty Arena" кешенінің жанында), 6 үй, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының концерт залы.