Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық "ЖасSTAR" фестивалі өтеді

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық "ЖасSTAR" фестивалін өткізеді.
Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық "ЖасSTAR" фестивалі өтеді

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық «ЖасSTAR» фестивалін өткізеді. Осы бір
мәдениет пен шабыттың мерекесі сегіз жыл бойы өтуде. Ол Алматыға келген
шығармашылық күздің белгісі, еліміздің мәдениет өмірінің және
қазақстандықтардың сағына күтетін елеулі дәстүріне айналды.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласында «рухани жаңғырудың алғы шарты – өз мәдениетіміз бен
ұлттық кодымызды сақтап қалу» деп атап өтті. Мәдени дәстүрлер, ұлттық
бірегейлік, білімге деген құштарлық, сананың ашықтығы және әлемдік мәдениетті
қабылдауға деген дайындық – «ЖасSTAR» фестивалінің негізгі принциптері мен
тұжырымдамасы.

Шығармашылық энергиясы – адам өркениетінің негізгі қозғалтқыш күші.
Жастардың шығармашылық энергиясы – елдің табысты дамуының кепілі, оның болашақ
энергиясы. Дәл осы жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау Н.Ә.Назарбаев
Қорының басты міндеті. «ЖасSTAR» фестивалі өтетін ашық демонстрациялық диалог
алаңы мәдениет пен өнер қайраткерлерінің Қазақстанның шығармашыл жастарымен
өзара іс-әрекет етуіне және тәжірибе алмасуына жағдай жасайды.

«ЖасSTAR» фестивалі жаңа идеялар туындайтын, шабыт, шығармашылыққа және жасампаздыққа
құштарлық әкелетін орны. Ол жыл сайынғы пір тұтатын және есімдері аңызға айналған
кино, театр, әдебиет, музыка, көркем сурет қайраткерлерімен бейресми қарым-қатынас
орнататын қуанышты мереке. Биылғы жылы жұртшылықты кино, хореографиялықөнер,
мультипликаця, көркем сурет, музыка туралы қызықты шеберлік сабақтары мен танымдық
лекциялар күтуде. Дәстүр бойынша фестиваль өз географиясын кеңейтіп жұмысының
уақытын ұзартуда. Биылғы жылы өнер мен шығармашылық мерекесі 8 күнге созылады.
Пір тұтатын адамдармен кездесулер және шеберлік сабақтары тек Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ғимаратында ғана емес, қаланың басқа да
шығармашылық алаңдарында өтеді.

«ЖасSTAR» фестивалінің ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!». Барлығымыз
дарын мен жасампаздықтың энергиясынан қуат алып, болашаққа бір қадам жасайық!

 

 


Жас суретшілер шығармашылығының «Болашаққа көзқарас» атты көрмесі

Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық «ЖасSTAR» фестивалі шеңберінде жас суретшілер
шығармашылығының көрмесі ашылды. Бұл суретшілер үшін де, көрермендер үшін де
көптен күтілген, әрі дәстүрлі оқиға.

Биылғы көрме қатысушыларының көлемі айтарлықтай өсті, себебі көрмеде
Қазақстанның барлық аймағы қатысады. Сонымен қатар, фестиваль көмегімен Ресей,
Украина, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің жас суретшілерінің
шығармашылығымен танысуға мүмкіндік туды.

Көрменің басты борышы болашаққа сеніммен және үмітпен қарайтын, өзінің жеке
көзқарасы мен дүниені өздігінше сезіне алатын, өнерде өзінің жеке жолын іздеп
жүрген дарынды жастарымызды қолдау болып табылады.

Көрме авторларының көркемдік қызығушылығы мен жанрлық толысуы әртүрлі:
станокты кескіндеме, портрет, пейзаж. Жас суретшілерді қазіргі заманмен
байланысты тақырыптар қызықтырады.

Көрме көрермендері өзінің батыл, әрі құмар тілін, жеке өзіндік қолтаңбасын,
жаңа пластикалық формалар мен өзекті сюжеттерді көре алады.

Көрменің ашылуы: 17:00,
25 қазан

Көрменің жұмыс уақыты:
25.10.2017 – 8.11.2017

Мекенжайы: Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

5-қабат, Күмбез

М.Ганди көшесі, 10

 


Ғани Баянов – суретші, акварелист, графикші. Оның есімі 1970 жылдардың
соңында көркем сурет жанкүйерлеріне танымал болды. Суретші – Мәскеуде өткен
халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесінде сыншылардың жоғары бағасына ие болған
қазақ, монғол ертегілерін, «Красноречие» кітабын суретпен сипаттаушы автор.
1988 жылдан бастап 2005 жылға дейін Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік
қолданбалы өнер колледжінде сабақ берді.

Суретшінің көркемдік бояулары әр алуан, ол май бояулары және акварельмен
өмірлік құндылықтардағы терең түсініктерін бір ізді ашып отырады. Баяновтың
көптеген композицияларының бейнелік мазмұнының ортасы метафора,
ассоциативтілік, жарық пен қараңғылықты салыстыру болып табылады. Суретші
өзінің саусағынан бал тамғандай, флейтада ойнағандай әрбір жұмысында әуе
ортасының түстерін көрермен алдына паш етеді. Ғани Баяновтың шығармашылығы
өзінің поэтикалық кемелдігімен адамдарға бағытталған. Олардың арасындағы
сенімділіке толы диалог жаңа туындыларда өз жалғасын тауып, дамып отырады.

Бүгінгі таңда Ғани Баяновтың жұмыстары әлемнің көптеген мұражайларын,
сонымен қатар Қазақстандық және шетелдік жеке меншік топтамаларын безендіріп
отыр.

«ЖасSTAR» фестивалінде Ғани Баянов суреттер туралы ойларымен және түрлі
түстермен жұмыс жасаудағы көп жылдық тәжірибесімен қатысушылар ортасында
бөліседі.

Іс-шара: Мастер-класс
«Суретші палитрасы».

Уақыты: 11:00-13:00, 26
қазан

Мекенжайы: Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

5-қабат, Күмбез, М.Ганди
көшесі, 10

 


2003 жылы Шымкенттік төрт студент музыкалық ұжым құруға бел буды. Ол кезде
Айдар Байжанов, Ердос Қанаев, Бағлан Абдраимов, Мырзахан Махановтар қандай
сәттілік күтіп тұрғанын аңғарған да жоқ! «Жігіттер» тобының сахнаға шығуы
бойз-бенд екінші орын алған «Арай» ұлттық конкурсының қазылар алқасы мен
тыңдармандарын таң қалдырған болатын. Осыдан соң жігіттер музыкалық
фестивальдер сахналарында өзінің салтанатты шерулерін жалғастырып, бірнеше
жүлделерге ие болды. Дегенмен, олардың ойларынша ең маңызды кезеңдердің бірі
Шәмші Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудағы гран-при деп біледі.

Алматыға көшіп келген соң жігіттер өз мансабымен нақты айналыса бастады.
Олар осы күнге дейін барлық ел сүйіп тыңдайтын «Ерке қыз» әнінің алғашқы жазылу
барысындағы аға буынды әріптестерін ризашылықпен еске алады.

Қазіргі таңда квартет белсенді түрде гастрольдерге шығып,
телебағдарламаларға, музыкалық жобаларға, фестивальдерге қатысып жүр.
«Жігіттер» тобы ең ұзақ мерзімді, әрі сәтті шығармашылық одақ болып табылады,
оның тарихы 15 жылдан астам уақытқа созылып отыр.

«ЖасSTAR» фестивалінде атақты Қазақстан квартетінің қатысушылары өз
жетістіктерімен бөліседі.

Іс-шара: Белгілі қазақстандық
орындаушылармен шығармашылық кездесу.

Уақыты: 15:00-17:00, 26
қазан

Мекенжайы: П.Чайковский
атындағы Алматы музыкалық колледжі

Е.Серкебаев атындағы
Үлкен концерт залы

Манас көшесі, 13

 


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Анимациялық кино» ШӨБ

28 қазан күні бүкіл әлем Халықаралық анимация күнін тойлайды. Қазақстан
және бұрынғы Кеңес Одағының экрандарында алғашқы рет салтанатты көрсетілімі
болып өткен режиссер А.А.Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты
қазақстандық анимациялық фильміне 2017 жылдың күзінде 50 жыл толады. Осыған
байланысты «ЖасSTAR» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі шеңберінде Қазақ
анимациясы күнін өткізу шешілді.

«ЖасSTAR» фестивалінің ұйымдастырушылары анимациялық кино шеберлері мен мультфильм
әуесқойларын жинауға бел буды. Біз қазақстандық мультипликацияның белгілі беттерін,
отандық режиссер-аниматорлардың аңызға айналған аттарын еске түсіреміз, сонымен
қатар таңғажайып, сырға толған киноның қазіргі күнгі өмірімен танысамыз.

Мультфильмді көру барлығына ұнайды, ал анимациялық киноның жасалуы процесі оннан
да қызықты болып келеді. «ЖасSTAR» фестивалінде көрермендер өз көздерімен қуыршақ
кейіпкерлер мен сурет түрінде салынған кейіпкерлердің жандануын, таныс болған фильмдердегі
қалыпты кадрларды қалыпсыз ракурсте көреді. Анимациялық кино шеберлері мультипликацияның
«ас бөлмесі» жайлы айтып береді, сонымен қатар көрермендердің сұрақтарына жауап
береді. Отандық және шетелдік мультипликация білгіштерін «Кадр арқылы
мультфильмді тап» викторинасы қуанытары сөзсіз.

Іс-шара: Отандық мультфильмдерді
көрсету.

Қазақстандық аниматорлардың
шеберлік сабағы.

Уақыты: 11:00-13:00, 27 қазан

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

2-қабат, Үлкен конференц-зал

М.Ганди көшесі, 10

 


Нұрлан Батыров. Костюмдер бойынша
суретші, белгілі актёр, шоумен, елдегі ең алғашқы вайнерлердің бірі, ол жарты
жыл ішінде инстаграммда қысқа әзіл-сықақ роликтері арқылы миллионнан астам
жазылушыларына ие болды. Нұрланға «Безумная женщина» бейнесі
үлкен жетістік алып келді. Осы
жетістігі арқылы актер «Q-елі» скетчіне түсті. Батыровтың үлкен киноға басқан
алғашқы қадамы «Super Той» комедиясы болып табылады. Ол 2016 жылдың қыс
мезгілінде «Навстречу мечте» атты мюзиклының түсіріліміне қатысты. Қазіргі кезде
актер толық метражды кино жобасымен айналысып жатыр, мұнда инсторгамдағы
Шакомен (Шәріп Серік) бірге жасалған роликтерде ойнатылатын осы «Безумная
женщина» оқиғасы әңгімеленеді, бұл оқиға осы күнге дейін өзінің күлкіге толы
жүрістерімен өз жазылушыларын қуанта бермек.

Шәріп Серік. Киноактёр, инстаграм жұлдызы, желілерде @shakentii түрінде
белгілі. Бірінші актёрлық тәжірибесін «Мозготрясы», сериялында «Хранители
солнца», «Кеш келген махаббат», «Унесенные рейсом» түсіп жинайды. Ақан
Сатаевтың «Районы» атты фильміндегі Азаматтың ролін сомдау үшін 13 кг. арықтап
«Выбор критиков-2017» байқауында «Лучшая мужская роль второго плана» жүлдесінің
иегері болды. «Наурыз.kz» комедиясында басты кейіпкер ролін сомдады.

«ЖасSTAR» фестивале атақты вайнер дуэтінің қатысушылары өздерінің кәсіби
құпияларымен бөліседі.

Іс-шара: «Бизнес және
интернеттегі шығармашылық» шеберлік сабағы.

Уақыты: 15:00-17:00, 27
қазан

Мекенжайы: Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Үлкен конференц-зал,
2-қабат, М.Ганди көшесі, 10

 


Лидия Варбанова – мәдени индустрияның мойындалған білімпазы. Оның
стратегиялық басқару, шығармашылық кәсіпкерлік, ұйымдастырушылық дамыту мен
мәдениеттегі мүмкіндіктерді көтеру бойынша тренингтерін ENCATC (саясат пен
мәдени басқару бойынша Еуропалық желі) Халықаралық Ассоциациясы ұсынып отыр.
Лидия Варбанова халықаралық мәдени саясат пен конвенция бойынша ЮНЕСКО
тренерлер құрамына кіреді, «Стратегическое управление в области искусства»
(2013 жыл), «Международное предпринимательство в области искусства» (2016 жыл),
Routledge баспасынан шыққан кітаптарының авторы.

Ол кеңесші, зерттеуші және басқарушы ретінде 20 жылдан астам уақыт әлемнің
55 елінде жұмыс жасаған. Лидии Варбанованың қызметі өнерге, мәдениетке және креативті
индустрияға ерекше көңіл бөліне отырып, стратегияға, саясаттың дамуына,
кәсіпкерлікке, ұйымдастырушылық дамытуға және интербелсенді технологияға
негізделген.

Қазақстандықтар «ЖасSTAR» фестивалінің сенімді серіктесі болып табылатын
«Cultural Dialogue» Қоғамдық Қордың көмегімен Лидия Варабанованың лекциясымен
және семинар-тренингтерімен танысады.

Іс-шаралар: «Арт-жобаға
арналған цифрлық технологиялар» лекциясы.

Уақыты: 15:00-17:00, 30
қазан

Іс-шара: «Цифрлық өнер.
Цифрлық маркетинг» семинар-тренингі

Назар аударыңыз!
Семинарға кіру үшін алдын ала тіркеуден өту телефоны:

+ 7 701 744 24 46
(WhatsApp) cti.cultural.dialogue@gmail.com

Уақыты: 10:00-13:00,
14:00-18:00, 31 қазан

Мекенжайы: Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры

Үлкен конференц-зал,
Кіші конференц-зал (семинар), 2-қабат

М.Ганди көшесі, 10

 


Әлия Танықпаева. А.Селезнев атындағы Алматы хареография училищесінің
түлегі. Әлия өзінің шығармашылық қызметін 1999 жылы Болат Аюхановтың
классикалық би Мемлекеттік ансамбілінде бастады. Ал 2001 жылдан бастап
Мәскеудің Импер орыс балет труппасында жұмыс жасап бастады. Екі жылдан соң
Новая Опера сахынасында «Ромео мен Джульетта» Прокофьев балетінде Джульетта
топтамасын орындады. Осыдан соң алдыңғы қатарлы «Щелкунчике», «Шопениане»,
«Вальпургиевой ночи», «Спящей красавице», «Лебедином озере», «Дон Кихоте»,
«Призрачном бале», «Жизели» топтамалар да орыналды. 2005 жылы Венаның
Мемлекеттік опера театрымен келісім шарт жасалады. Жетекші балерина жағдайына
жеткен Әлия өзіне таныс Жизель, Аврора мен Маша топтамаларын орындады, сонымен
қатар жаңа спектакльдерде де орындады: Дж. Ноймайер хореографиясындағы Wie es
euch geffaelt? («Бұл сізге қалай?»), Р. Нуриев қойылымындағы «Лебединое озеро»,
«Коппелидегі» Сванильданы, «Онегиндегі» Татьянаны, «Тщетной предосторожности» Лизаны,
«Баядеркедегі» Никияны, «Манон» балетінде Манонды биледі.

2009 жылы Әлия Танықпаева – Цюрихтің ұлттық операсында прима-балерина
болды. Немістің беделді «TANZ» журналының айтуы бойынша Tаnzerin des Jahres –
2010 жыл балеринасы. Венгр мемлекеттік опера театрында екі рет «Этуаль»
мәртебесімен марапатталды.

«ЖасSTAR» фестивалінде біздің отандасымыз шығармашылық кездесу
ұйымдастырады, мұнда өзінің жетістіктерге ерісу тарихымен бөлісіп, шеберлік
сабағын өткізеді, бұл шеберлік сабағы оның шеберлік құпияларын ашады.

Іс-шара: «Табыс тарихы»
шығармашылық кеші.

Уақыты: 17:00-19:00, 30
қазан

Іс-шара: Классикалық би
жөніндегі шеберлік сабағы.

Уақыты: 10:00-13:00, 31
қазан

Мекенжайы: А.Селезнев
атындағы Алматы хореографиялық училищесі

Оқу театры, Масанчи
көшесі, 67, Жамбыл көшесінің қиылысы

 


Берік Айтжанов таетр мен кино өнерінен алшақ отбасында дүниеге келген. Оның
әкесі агроном, ал анасы балабақшада тәрбиеші болды. Болашақ актер әртүрлі
сансыз мамандықтардың барлығын атқарып көрді, нәтижеде кафеде бармен болып
жұмыс істеумен аяқталды.

Бір күні көз тартарлық жігітке модельдік агенттігінде кастинг өту ұсынылды,
осы жерде түсірілген суреттер қандайда бір жолмен кино өнерінің иелерінің
қолына түседі. Бірнеше уақыт өткен соң Берікті кино түсірілімге шақырады. 2004
жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының музыка факультетін
«Музыка драмасының актері» мамандығы бойынша аяқтады. «Гамлеттегі» Лаэрт ролі
ең алғашқы ролі, сонан соң Мұхтар Әуезов бойынша «Қарагөз».

Кинодағы алғашқы жұмысы – Рымбек Альпиевтің «Час волка» фильміндегі Қалтай
ролін, байдың құлы Аханның ролін сомдады. Кейінірек ол «Махамбетпен» қатар,
Ташкен қаласында түсіріліп жатқан Ресейдің «Застава» сериалында, соннан соң «Мұстафа
Шоқай» атты Прагадағы фильмде түсті. Айтжанов Егора Кончаловскийдің «Настоящий
полковник» картинасындағы басты кейіпкерді сомдайды. Осыдан бұрын Ахан
Сатаевтың «Ағайындылар» телесериалы мен «Ликвидатор» көркем фильміндегі
түсірілімге қатысады. Берік жалпы өз қорында әртүрлі фильмдердің кем дегенде 15
ролін сомдады. Белгілі «Елбасы жолы» киноэпопеясында атқарған еңбегін сыншылар
жоғары бағалады. Мұнда Берік Айтжанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ролін сомдады.

«ЖасSTAR» фестивалінде Берік Айтжанов қойылған мақсатқа қалай жетісуге
болатынын, оның сыры мен қырын әңгімелеп береді.

Іс-шара: «История
успеха» шығармашылық кеші.

Уақыты: 15:00-17:00, 1
қараша

Мекенжайы: Т.Жүргенов
атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Оқу театры

Панфилов көшесі, 127

 


Александр Котт Красная Преснядағы Театр құрамындағы эстетикалық тәрбие беру
мектебін бітірген. Осыдан кейін фотограф болып қызмет атқарады. 1994 жылы
Бүкілресейлік мемлекеттік кино институтындағы Владимир Хотиненконың көркем фильмінің режиссерлық шеберханасына
оқуға түседі. Сонымен қатар, Краковтағы Анджей Вайдтың шеберлік сабағын жақсы
аяқтайды.

Александр Котт – шебер-әмбебап, ол кез келген киножанрда көз жеткізе алады.
Режиссер теледидардағы жұмыстарымен белгілі: «Цирк», «Список влюблённых РФ»,
«Конвой PQ-17», «Печорин. Герой нашего времени», «Обратная сторона Луны»
сериалдары.

Александрдың ең маңызды жұмыстарының бірі бұл 2010 жылы экранға шыққан
«Брестская крепость» картинасы болды. Фильм соғыстың бастапқы күндері туралы
сөз етеді. Картина «Ника» сыйлығына сегіз номинацияға және «Золотой орел»
ұлттық киноакадемиясының сыйлығына үш номинация жеңіп алды.

Александр Котт 2011 жылы «Ёлки» жобасының режиссеры болды. Оның қатысуымен отбасылық
комедиясының екінші, үшінші және бесінші бөлімдері, сонымен қатар «Ёлки 1914»
кинолентасы жарық көрді. Режиссер «1001» ертегі мелодрамасын, «Третья мировая» әскери
драмасын шығарды.

«ЖасSTAR» фестивалінде атақты ресей режиссері өзінің кәсіби құпияларымен
бөліседі.

Іс-шара: «Қысқа метр.
Түпкі ойдан сценариге дейін» шеберлік сабағы.

Уақыты: 17:00-19:00, 2
қараша

Мекенжайы: «Тұран»
Университеті

Мәжіліс залы

Сатпаев даңғылы, 16/18 –
18а

 


ONER.KZ – өнер мен мәдениетке бет алған Қазақстандағы мемлекеттік тілде

жүретін тұңғыш әрі жалғыз өнертану порталы. Оның авторы Т.Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, дарынды драматург – Әннәс
Бағдат.

Портал 2016 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасай бастады, осы аралықта
оның қызметкерлері өнер мен мәдениет саласында ғылыми жұмыспен айналысатындар, зерттеушілер,
гуманитарлық мамандықтардың студенттері арасында диалогтік платформа жасауына
мүмкіндік туды. Портал өз оқырмандарына ақпараттық, теориялық, ғылыми, қызығу
танытушылық, сыни, тарихиграфикалық, және аналитикалық материалдар ұсынады.

Бүгінгі таңда ONER.KZ порталы Қазақстанның заманауи өнерінің толық
көрінісін және қазақ тілді бөлімдердегі әлемдік өнер тарихын көрсетіп отыр.
ONER.KZ бұл өнерді сүйетін әрбір жанның порталы, ол көркемдік іздену көкжиегін
кеңейтеді.

«ЖасSTAR» фестивалінде ONER.KZ порталының авторы Әннәс Бағдат «Кинодағы
бағыттар, көркем тәсілдер, жаңа үрдістер» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шара: «Кинодағы
бағыттар, көркем тәсілдер,

жаңа үрдістер» атты
дөңгелек үстел.

Уақыты: 15:00-17:00, 2
қараша

Мекенжайы:

Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Кіші конференц-зал,

2-қабат, М.Ганди
көшесі, 10

 


Музыка әлемінде Филипп Юи әртүрлі бағыттағы дирижёр түрінде белгілі. Ол
теңдей дәрежеде симфониялы оркестрмен де, балетпен де, опера және опереттамен
де жұмыс жасай алады. Филипп Юи Париж Операсының Ұлттық оркестрінің дирижері
Джеймс Конлонның бірнеше рет ассистенті болып, Париж Операсының Ұлттық
оркестрінің әртүрлі опера және балет қойылымдарында дирижер болды: Глюктің
«Орфей и Эвридика» (Пина Бауш хореографиясы, кейін Германияға гастроль
жасайды), «Севильский Цирюльник», «Идоменей» Моцарта, «Пакита», «Сильфида» және
т.б.

Филипп Юи – көптеген опера сахыналарының және фестивальдерінің аяулы
қонағы, Францияның (Тура, Метца, Реймса, Лиможа, Авиньона, Тулона, Ренна опера
театрлары, Елисей даласындағы Театры, Шатле Театры, Гаво Залы, Комик Операсы,
Оверни Опера Орталығы, Лош қаласындағы Фестивальде) ғана емес, сонымен қатар
шетелде де (Новосибирь Опера Театры, Нюрнберг пен Баальбек фестивальдері).

«ЖасSTAR» фестивалі кезінде маэстро Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
студенттерімен шеберлік сабағын өткізеді, мұның нәтижесінде фестивальдің жабылу
салтанатында көрермендер алдында Жак Оффенбахтың «Парижская жизнь» опереттасы
қойылады.

Іс-шара: «Париж өмірі»
опереттасы кеші.

Уақыты: 19:00-21:00, 3
қараша

Мекенжайы: Құрманғазы
атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

Үлкен концерт залы

Абылай хан даңғылы, 90