Алматыда бүгінгі жастар киносына арналған дөңгелек үстел өтеді

Oner.kz – өнертанымдық порталының ұйымдастыруымен "Бүгінгі жастар киносының бағыттары, көркемдік деңгейі және жаңа тенденциялар" атты дөңгелек үстел өтеді.
Алматыда бүгінгі жастар киносына арналған дөңгелек үстел өтеді

2017 жыл 2-қараша сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Шығармашыл жастардың VIII Халықаралық «ЖасStar» фестивалі аясында, Oner.kz – өнертанымдық порталының ұйымдастыруымен «Бүгінгі жастар киносының бағыттары, көркемдік деңгейі және жаңа тенденциялар» атты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараның мақсаты:

  • Жас режиссерлерді қолдау;
  • Фильмдерін насихаттау;
  • Көркемдік деңгейін бағалау, даму бағытын және жаңа тенденцияларды анықтау.

Қарастырылатын негізгі мәселелер:

  • Халықаралық және Республикалық кинофестивальдерде жүлделі болған фильмдердің көркемдік және тақырыптық ерекшеліктерін саралау;
  • Соңғы жылдары жоғарғы көрсеткішке ие болған жас режиссерлер фильмдерінің отандық кино саласында маңыздылығын айқындау;
  • Республикалық деңгейдегі кинофестивальдердің шығармашылық жұмысына шолу.

Талдауға ұсынылатын фильмдер:

  • «Өліара», реж. Елзат Ескендір
  • «Жесткий тип»,  реж. Баймұрат Жұманов
  • «Пәтер», реж. Ербол Бораншы
  • «Куб»,  реж. Максим Кодаров
  • «Картоп жегіштер»,  реж. Шарипа Оразбаева
  • «Мама»,  реж. Бегалы Шібікеев
  •  «Саз-махаббат»,  реж. Айгүл Ақсамбиева
  • «Таң сәулесінің шапағаты»,  реж. Дархан Төлегенов
  • «Маршрут», реж. Дархан Төлегенов
  • «Еркек», реж. Берік Жаханов
  • «Аялдама», Диас Құлмақов
  • «Шакал», реж. Айсұлтан Сейітов
  • «Қаттырақ қағыңыз!»,  реж. Малик Зеңгер
  • «Майлыбайдағы оқиға»,  реж. Самғар Рахым

Қатысушылар:

  • Молдияр Ергебеков – кинотанушы, PhD, СДУ қауымдастырылған профессоры. (модератор).
  • Баубек Нөгербек – кинотанушы, PhD, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті.
  • Алма Айдарова – кинотанушы, PhD, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы.
  • Ержан Жұмабеков – кинотанушы, докторант, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушы.
  • Дана Әмірбекова – кинотанушы, докторант, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инистутының ғылыми қызметкері.
  • Айнұр Иса – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, баспасөз қызметінің жетекшісі.
  • Назгүл Қожабекова – журналист.
  • Айгүл Ақсамбиева – кинорежиссер.
  • Серік Әбіш – кинорежиссер, кинопродюсер, докторант.
  • Елзат Ескендір – кинорежиссер.
  • Асхат Кучинчиреков – кинорежиссер, актер.

Мекен-жайы: 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 

Кіші конференц-зал, 2-ші қабат, М.Ганди көшесі, 10

Іс-шараға тіркелу үшін:

Аты-жөні: Айғана Битай

Тел: 8 747 341 94 48

Сізге қызық болуы мүмкін: