Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы XVIII съезі қарсаңында шығармашылық қызметін үлкен көрмемен қорытындылайды. Көрмеде Қазақстанның әр түрлі өңірлеріндегі суретшілердің шығармашылықтары ұсынылады: Шымкенттен – Палымбетов Е., Иляев С., Шилибаев Н., Тараздан – Денисов Н., Рахимжанов М., Хусаинов Б., Павлодардан - Игембаев А., Шуранов О., Приходько В., Талды-Қорғаннан – Әбділдаев М., Қарағандыдан – Есіркеев М., Аманбаев М., Кишкис П. Көрменің едәуір бөлігін алматылық суретшілердің туындылары қамтиды.
«Суретші уақыт ағымында» атты көрменің тақырыбы өнер шеберлерінің сюжет, жанрлар мен түрлерін таңдауда шектеу жасамайды. Тарихи өткенге және рухани құндылықтарға көзқарас, ұлттық мәдени жадымыздағы идеялар мен ұстанымдарды сақтау және басқа да көптеген заманауи ең кең ауқымды мәселелердің тобы Қазақстан суретшілерінің назарынан тыс қалған жоқ. Көрме пластикалық тәсілдердің алуандылығын, авторлық стилистикалардың айқындылығын, бейнелеу өнері бағыттарының барлық жағынан классикалық дәстүрлерге деген бейімділігін көрсетеді.
Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Жаңа шығармаларды Қайрамбаев Жұмақын, Хайруллин Қадыржан, Каметов Қадірбек, Жұманов Есімғали, Тайнов Серік, Әлжанов Серік сияқты суретшілер, график-суретшілер Ордабеков Темірхан, Хайруллина Әсия, Ермоленко Александр, мүсіншілер Өскенбай Малик, Қадіров Құрманғазы, Бралиев Хамит сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Беккұлова Айжан, Бөлтірікова Сәуле, Мұхамеджан Зейнелхан және басқалар жарыққа шығарады.
Өнер әрқашанда суретші өмір сүрген және қызмет еткен уақытқа әсер етеді. Шығармашылық артефактілердің көркемдік-бейнелі тілінде суретші еңбек еткен дәуірдің қайшылықтары мен ырғақтары көрініс табады, арада көптеген жылдар өткен соң, бұл белгілер келер ұрпаққа алдыңғы жылдардың мақсат-мұраттары мен дабылын, жетістіктерін көрсететін ерекше мәнерге ие болады. Осыдан, суретшінің уақыт пен болашақ алдындағы жауапкершілігі ерекше деуге болады. Көрме қараша айының 30-на дейін жалғасады.
Мукажанова Кульжазира – көрменің кураторы.