Салихитдин Айтбаевтың 80 жылдығына арналған жеке көрмесі ашылады

2018 жылдың 9 ақпан күні сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақтың белгілі суретшісі, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Салихитдин Айтбаевтың 80-жылдығына арналған жеке көрмесі ашылады. Экспозиция әр қилы кезеңдердегі музейдің және жеке қорындағы кескіндеме және графика туындыларынан құралады.
Салихитдин Айтбаевтың 80 жылдығына арналған жеке көрмесі ашылады

 

Светлана Көбжанова 

өнертану кандидаты


1960-1970-ші жылдар – Қазақстан өнерінің дамуындағы ең екпінді кезеңдердің бірі. Елдің қоғамдық ахуалы шығармашылық атмосферасына тікелей ықпал етті: үйреншікті қағидалар шұғыл өзгереді және басқа басымдықтарды іздеу талаптары пайда болады. С. Айтбаев адамгершілік өсу мәселелері, жеке тұлғаның әлеуетін ашу, ұлттық өзін-өзі тануды саналы іздестіру және шығармашылық қажырлылықты ыршықтауға негіз болатын қазақстандық суретшілердің жаңа ұрпағының Көшбасшысы болды. Ол тек көзқарастарының кеңдігімен ғана емес, жаңа бейнелі тіл іздеуде де батылдыққа ие болды.

"Бақыт" 1966

Жеке құбылыстарды жан-жақты көзқараспен қарауға деген ұмтылысы С. Айтбаевты кубизмге бет бұрғызады − «Түскі ас. Бригада жиналысы» (1972), «Әкемнің портреті» (1974), мюралистердің монументализміне   «Бақыт» (1966), шығыс кескіндемесіне − «Қонақ келді» (1969). Оқиғалардан немесе модельдерден алған жеке әсерлері формалды элементтерді зерттеуге және іздеуге себеп болған тұтас байсалды пластикалық шешімдерге айналды. Айта кету керек, С. Айтбаев өз шығармашылығында дәстүрлі халық мәдениетіне негізделген өзіндік шешімдерді таба білді. ХХ ғасырдағы өнердің мәнерлі эмоционалды-динамикалық тілі, бейнелеме-метафоралық мәнінің ойлары ұлттық мәдениеттің қайнар көзін ұғынуға негіз болды және суретшінің алғашқы жұмыстарында оның бояу шешімдерінің терең дәстүрі айқын сезіледі.

С.Айтбаев кескіндеменің пластикалық мүмкіндіктерін байытып, жазудың жеке мәнерін күшейтті, ондағы шығармалардың көңіл-күйі түстік кереғарлар мен екпінді орындалумен жасады.

О.Сүлейменовтің «Қыш кітап» (1970), «Нұрлы түндер» (1972), «Қазақ халық ертегілері» (1971) өлеңдерінің тақырыптары бойынша графикалық иллюстрацияларда С.Айтбаев  әдеби мазмұнға пластикалық сәйкестіктерді іздеді, тәжірибе жасады.

Экспозицияда ұсынылған «Қазақтардың әні» (1980-1981) топтамасының офорттары әрбір парақтың батыл шешімі, нақты кеңістіктік зерттеуі мен көлемді үлгілеуімен ерекшеленеді.

Салихитдин Айтбаев өзінің шығармашылығында сипаттамадан, бұлдыр ойдан арылып, суретшінің ішкі «Меніне» өзіндік ену жолын ашты, оны ұлттық тамырларымен байланыстырып заманауи өнердің тәжірибесін қолданып, шындықты көшіруден бас тартып өз әлемін жасады.

"Жас қазақтар" 1967

"Түскі ас. Бригада жиналысы" 1972